Республика соттары «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық соты мобильді бейнеконференцбайланысын қолдану арқылы екі азаматтық істі қарады.

Мысалы, бір іс бойынша арызданушы С. жасының ұлғайғанына және денсаулығына байланысты сотқа келуге мүмкіндігі болмаған, алайда сот процесіне тікелей қатысқысы келетінін білдірген. Оның өкілі К. да Астана қаласында болып, сот ұсынған БКБ арқылы онлайн режимде процеске қатысу мүмкіндігін пайдаланды.

Осылайша,  сот процесіне қатысушыларына қай жерде тұрғанына, қаржылық жағдайына қарамастан, сот отырысы барысын тыңдауға және көруге, сұрақ қоюға және жауап алуға, процестік құқықтары мен міндеттерін іске асыруға әрі орындауға техникалық мүмкіндік  қамтамасыз етілді.

істерді мобильді БКБ арқылы қарау сот процесіне қатысушылардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

 

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бейнеконференц байланыс арқылы сот отырысы жүргізілді.

Алматы қаласында тұратына талап қоюшы смартфонына орнатылған «TrueConf» қосымшасы арқылы сот отырысына қатысты.  

Бұл жаңалықтар объективті себептерге байланысты сот отырысына келе алмайтын азаматтар үшін ерекше маңызды.

«SMART сот» жобасы аясындағы іс-шаралар сот төрелігіне кедергісіз әрі қолайлы қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны енгізу соттағы созбалаңды болдырмауға және соттардың жұмысын жеңілдетуге ықпал етеді.

 

 

Қостанай облыстық соты тараптардың арасындағы бір жарым жылдам астам уақытқа созылған дауда медиациялық келісімге қол жеткізді.

Даудың мәні - жалғыз қыздары бар бұрынғы ерлі-зайыптылардың алимент төлеу бойынша.

Іс жоғарғы сот органында екі рет қайта қаралып, заңды күшіне енген барлық сот актілерінің күші жойылған.

Апелляциялық саты тараптарды татуластырып, кәмелетке толмаған баланың мүддесін қорғады. Тараптардың арасындағы қол жеткізілген барлық шарттарды олар өздері әзірлеп шықты. Сонымен бірге алимент төлеуші өз міндеттемелерін медиациялық келісімге қол қойғанға дейін орындады.

Жанжалдың мәнін дұрыс түсіну оның жылдам шешілуіне, ал татуласу рәсімін және оның салдарларын сапалы әрі жан-жақты түсіндіру медиация рәсімінің сәтті өтуіне мүмкіндік береді.

 

 

Ақтөбе қ. сотына берешекті өндіру және өндірілген соманы кепілге қойылған мүлікке айналдыру туралы А-ға талап қоюмен АҚ жүгінген.

АҚ мен А. арасында кредиттік шарт жасалған. Оған сәйкес АҚ оған қарыз берешегін қайта қаржыландыру үшін 13,5 % жылдық мөлшерлемемен 2037 жылдың 17 қазанына дейін 74 022,77 АҚШ доллары көлемінде заем берген. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін А. үш бөлмелі пәтер түрінде кепіл ұсынады. Алайда, жауапкер міндеттемені орындау тәртібі мен мерзімдерін бұзған. Нәтижесінде АҚ-ның алдында 128 258,62 АҚШ доллары берешегі пайда болады.

Сондықтан, АҚ соттан 119 121,42 АҚШ доллары берешекті А-дан өндіріп алуды, өндіруді кепілде тұрған үш бөлмелі пәтерге айналдыруды, 1 336 495 теңге мемлекеттік бажды төлеу шығындарын өндіруді сұраған.

«Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасы шеңберінде тараптар татуласу рәсіміне қатысуға шақырылған, оның барысында сот тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу жолдарын түсіндірген.

Нәтижесінде сот отырысында тараптар татуласу келісіміне келіп, оның шарттары бойынша жауапкер он жұмыс күні ішінде АҚ алдындағы берешегін қайта қаржыландыру бойынша шарт жасасуға міндеттеме алды.

Соттың ұйғарымымен азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

1 336 495 теңге мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ЖШС-ның АҚ-ға 5 миллион теңгені өндіру туралы азаматтық ісі «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының«Соттағы татуластыру рәсімі», «SMART сот» пилоттық жобалары аясында қаралды.

ЖШС және АҚ материалдық және тауар құндылықтарын жеткізу, модуль және блоктарды жөндеу жөніндегі шарттарды жасасқан. Шартқа сәйкес ЖШС жұмыстарды орындаған, алайда АҚ атқарылған жұмыстар құнын төлемеген. Осыған орай, ЖШС АҚ-дан 5 108 444 теңге қарызды өндіруді сұрады.

Істі талқылауға дайындық кезінде судья тараптардың өкілдерімен әңгімелесу өткізіп, пилоттық жобаның идеясы және татуластыру рәсімдерінің уақыт пен ақша үнемдеу, іскерлік қарым-қатынасты сақтап қалу сияқты басымдылықтары туралы айтты. Сонымен қатар, Ақтөбе облысынан шалғайда болған талап қоюшының өкілі сот отырысына «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы, яғни  онлайн режимде мобильдік телефоны арқылы қатысты. Нәтижесінде тараптар татуласып, сот  АҚ қарызды 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін бөліп төлейді, ал ЖШС талап қою арызынан бас тарту шарттары бойынша медиативтік келісімді бекітті.

Іс бойынша өндіріс қысқартылып, 132 306 теңге көлемінде мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Дау шешілді, тараптар риза болып тарқасты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында үш жүз миллионнан астам соманы қайтару туралы дауға қатысушы тараптар татуластырылды.

Сотта екі ЖШС арасында мұнай өнімдерін сатып алу-сату шартының жасалғаны анықталған. Оның шарттарына сәйкес бір серіктестік басқасының меншігіне мұнай өнімдерін беру міндттемесін қабылдаған, соңғысы тауарды қабылдаап алу және белгілі бір жағдайда оған алдын ала төлем жасау міндеттемесін қабылдаған. Сотқа талап арыз берілген кезде бірінші ЖШС тауарды жеткізбеген және берілмеген тауарға алдын ала төлемді қайтармаған. Осыған байланысты, екінші ЖШС өз құқықтарын қорғау жөнінде сотқа талап арызбен жүгінген.

Сот талқылау барысында дауласқан тараптарды татуласуға және татуласу келісім жасасуға жеткізген.

Соттың ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілген, оған сәйкес біріншісі екіншісіне 387 656 164 теңге берешегін төлеуге міндеттеме алған, екіншісі, өз кезегінде соттағы талап қоюынан бас тартқан.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Ұйғарым заңды күшіне енгеннен кейін талапкерге төлеген 11 629 684,92 теңге мемлекет баж қайтарылады.

Қайнар: 
Жергілікті соттардың баспасөз кызметтері