Бс, 16/11/2023 - 17:42


Жоғарғы Сот "First Heartland Jusan Bank" АҚ-ның (одан әрі – Банк) "БИПЭК АВТО ҚАЗАҚСТАН" АҚ-на, "ОНК" ЖШС-на "АЗИЯ АВТО Қазақстан"АҚ-ның 899 999 акциясын сатып алу-сату туралы шартты жарамсыз деп тану туралы кассациялық өтінішхатын және талап қоюын қанағаттандырды.
Дау "БИПЭК АВТО ҚАЗАҚСТАН" АҚ-ның қарыз қаражатын Банкке қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындамауымен байланысты туындаған.
2013-2019 жылдары бас кредиттік келісімдер шеңберінде "БИПЭК АВТО ҚАЗАҚСТАН" АҚ Банкімен, "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ-мен келісіммен қарыз қаражатын алған.
Қарыз алушылардың 2021 жылы қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелерді бұзуына байланысты борышкерлер мен кепілгерлерден Банктің пайдасына сот тәртібімен 66 млрд.теңге мөлшерінде берешек өндірілген.
Банк сондай-ақ қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мәміле жасасуға сілтеме жасай отырып, "БИПЭК АВТО ҚАЗАҚСТАН" АҚ-ның "ОНК" ЖШС-нің пайдасына "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ-ның 899 999 акциясын сату туралы шартты жарамсыз деп тану жөніндегі талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шығыс Қазақстан облысының соттары Банктің талап қоюын қанағаттандырудан бас тартты.
Жоғарғы Сот Банктің дәлелдерін негізді деп таныды. Жергілікті соттардың мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюдан бас тарту жөніндегі сот актілері күшін жойды. Іс бойынша талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды.
Банктің мүліктік мүдделері қалпына келтірілді.