Қазақстандықтардың сот жүйесіне сенімі артып келеді

Хат жолдауХат жолдау

Сот жұмысына сеніммен қарайтын қазақстандықтар саны артып келеді.

Жоғарғы Соттың жүргізген есебіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан 2 жарым мың азаматтың 98 пайызы елде заң үстемдігі бар деп есептеген. «Сот отырыстарының ашық тәртіпте жүргізілуі әрбір залдың аудио және видеобақылау жүйесімен қамтылуы осыны айғақтайды», – дейді фемида өкілдері. Кез келген істі электрондық нұсқада да бақылауға болады. Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу және судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою туралы тапсырма – Елбасының биылғы жолдауында айтылған бесінші басымдықтың басты қадамы. Бұл бағыттағы өзгертулер мен түзетулер бүгіннен бастап күшіне енді.

Ерден Әріпов, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы:

– Бізде қазір тек айыптау актісі деген ұғым қалыптасқан. Оларда қорғау актісі деген бар. Кей жағдайларда қорғаушылар іс бойынша өздеріне мәлім мән-жайларды сотқа дейін сақтап келіп, сотта ғана жариялайтын жағдайлар бар. Ол енді біраз істің созбалыққа салуына себеп болады. Соның бәрін азайту үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде оларға да осындай мүмкіндік беріп, өздерінің заңдағы өкілеттіліктерін кеңінен пайдалану мәселелері көтеріліп отыр.