«Сот құжаттарымен танысу» модулінің сипаттамасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Сот құжаттарымен танысу» модулі логин мен құпия сөз арқылы электрондық сот құжаттарын көру үшін арналған. Сот үрдісінің қатысушысы логин мен құпия сөзді ұялы телефон нөміріне немесе электрондық адресіне жіберілген SMS-хабарлама арқылы алады.

Жедел хабарлау мақсатында сот үрдісінің қатысушысына сот органдарының ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жасалатын келесі SMS-хабарламалар жүйелік логикалық тәртіпте жіберіледі, оның ішінде:

- логин мен құпия сөзді көрсете отырып, арызды сот ісін жүргізуге қабылдау кезіндегі істің нөмірі туралы;

- сот қарауына істі дайындау туралы;

- күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген сот отырысына шақыру туралы;

- сот ісін жүргізуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы;

- өтінішті қайтару туралы;

- қозғалыссыз өтініштің тоқтатылғаны туралы;

- сот шешімі шығарылғандығы туралы.

«Сот құжаттарымен танысу» модулінде электрондық сот құжаттары оларды жүктеу, көру және сақтау мүмкіндігі қарастырылған сілтемелер түрінде беріледі.

Сот құжатын көру үшін «Сот құжаттарымен танысу» модуліне кіру қажет. Ол үшін баннерге басып, SMS-хабарлама арқылы алынған (электрондық адреске түскен) логин мен құпия сөзді енгізіңіз, содан соң ашылған терезеде сілтемеге басу арқылы файлдарды жүктеңіз, компьютерде сақтаңыз.

Әрі қарай