Жоғарғы Соттың судьясы А.Қасымовқа заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың судьясы Ақылтай Қасымов Болгарияның Варна университетінде «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шаралары: теориялық мәселелері мен тәжірибесі» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны сәтті қорғады.

 «Қылмыстық процесс» мамандығы бойынша ғылым докторлары, Ғылыми қазылар алқасының жеті мүшесі Қасымов Ақылтай Ахметжанұлына заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

Диплом Еуропа Одағына мүше мемлекеттер аумағында, Болон білім беру жүйесін қабылдаған елдерде, соның ішінде Қазақстанда мойындалады

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі