Жоғарғы Соттың QR-коды енгізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың QR-коды Жоғарғы Соттың байланыс орталығына, Фейсбуктегі ресми бетке, Digital Agent, Telegram-бот «Smart-сот» қосымшасына, жоғарғы сот органы Төрағасының блогына және азаматтарды қабылдауға арналған сілтемелерден тұрады.

QR-кодты сот ақпаратына қол жеткізу мақсатында Департаменттің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі әзірледі.

Фотокамера орнатылған және шифрленген ақпаратты тануға арналған бағдарламамен қамтамасыз етілген ұялы телефоны бар кез келген адам QR-кодты қолдана алады.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі