Жоғарғы Соттың Департаменті «Қазконтент» акционерлік қоғамымен меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазконтент» АҚ арасында Өзара ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Жоғарғы Сот атынан Департамент басшысы Испанов Ілияс Сапарбекұлы, ал «Қазконтент» АҚ атынан ұйымның Басқарма төрағасы  Қыдырма Айдос Арғынбайұлы қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты өзара ақпарат алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылады.

Кездесуде сөйлеген сөзінде І.Испанов бұл меморандумға қол қою Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Судьяларының VI съезінде сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығы мен қолжетімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі тәжірибелік шара болып табылатындығын атап өтті.

 «Қазконтент» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне қарасты ведомстволық құрылым болып табылады. Аталған ұйым Интернеттің ұлттық сегментін және мемлекеттік органдардың веб-сайтын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысады.

«Қазконтент» АҚ strategy2050.kz ақпараттық порталы, Премьер-Министрдің ресми сайты, bnews.kz, baq.kz, kaztube.kz, e-history.kz, el.kz  ақпарат агенттіктері мен adebiportal.kz әдеби порталы секілді ірі жобалардың жұмысын сүйемелдейді.

 «Қазконтент» АҚ интернет-ресурстарын ай сайын 2,6 млн. тұтынушы қолданса, күн сайын қарайтындардың саны 88 мыңнан асады.  

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі