Жоғарғы Сотта «А» корпусының қызметшілеріне арналған семинар-тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 19-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне арналған «Көшбасшылық. Мемлекеттік органдардың қызметіндегі менеджмент» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – көшбасшылық туралы білімді жетілдіру арқылы басшы қызметінің тиімділігін арттыру.

Семинар тыңдаушылары қазіргі сын-қатерлер жағдайында көшбасшылық қабілетті дамытудың тәжірибелік бағыттары бойынша білімдерін арттырумен қатар, іскерлік коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған тренингтерге қатысты.

Семинарда Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев, Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Нұрбек Саясат, «НИКА» коммуникативтік даму орталығының сарапшылары, сонымен қатар  Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері дәріс жүргізді.

Семинар қорытындысы бойынша оның қатысушыларына біліктілік арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі