Жоғарғы Сотта Қазақстан халқының Тілдер күніне орай семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдер күні деп жарияланған. Осы мереке елімізде 1998 жылдан бастап атап өтіледі.

Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай Жоғарғы Сот республика соттарының судьялары мен қызметкерлері үшін бейнеконферецбайланыс арқылы «Сот актілері мен басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде жасау сапасы туралы» атты семинар өткізді.

Семинарда Жоғарғы Сот тарапынан атарылып жатқан мемлекеттік тіл саясаты туралы ақпарат берілді, сот процестеріне тартылатын аудармашылардың сыйақы ставкаларының, сот актілері мен басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде жасаудың өзекті мәселелері көтерілді.

Семинар жұмысына 500-ге жуық адам қатысты.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі