Жоғарғы Сот төлем терминалдарын пайдалану жұмыстарының алғашқы қорытындысын шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдан бастап Жоғарғы Сот  аппараты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесе отырып, мемлекеттік бажды және әкімшілік айыппұлдарды төлеу үшін Астана қаласындағы сот ғимараттарында төлем терминалдарын орнату бойынша пилоттық жобаны іске асырды. Барлығы 34 жергілікті соттарда терминалдар орнатылды.

Бұл, ең алғашқыда, халыққа жағдай жасау үшін, сондай-ақ тікелей сот ғимаратарында сот ісімен байланысты барлық төлемдерді жүзеге асыру бойынша мүмкіндіктерді ұсыну мақсатында жасалған.

Төлем терминалы - бұл өзіне-өзі қызмет көрсету тәртібінде жеке тұлғалардан төлемдерді қабылдауды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.

Жоба шеңберінде соттарға тиісті коммуникациялар тартылып, бюджеттік сыныптау кодының таңдалуына және салық органдарының кодына сәйкес жасалған төлемдерді жеткізуді жүзеге асыратын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді және енгізілді.

Жоба өзінің тиімділігін көрнекті түрде көрсетті. Мәселен, 2015 жылдың қаңтар - мамыр айлары аралығындағы мерзімде көрсетілген терминалдар арқылы 205 млн. теңгеден астам жалпы сомаға 18 мыңнан астам қаржы операциялары жүргізілген. Бұл ретте, төлеушіден алынатын комиссия құны 50 теңгені құрайды.

Іске асырылған пилоттық жоба нәтижелері бойынша республиканың барлық жергілікті соттарын ұқсас терминалдармен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі