Жоғарғы Сот тергеу әрекеттерін электронды санкциялау бойынша пилоттық жобаны іске қосты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық процестің сапасын арттыруға бағытталған электронды қылмыстық істі енгізу жобасы Астана қаласы Алматы ауданының №2 сотының базасында іске асырылды. Жоба шеңберінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі мен Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық-талдамалық жүйесі интеграцияланды.

Жоба Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі арқылы тергеу және анықтау органдарының өтінішхатты қосымша материалдарымен бірге прокурорға келісу үшін электронды түрде ұсыну тәртібін регламенттейді. Егер өтінішхатты прокурор қолдаған жағдайда материалдар тергеу судьясына қарау үшін жолданады, оның нәтижесі бойынша прокурор мен сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлға тергеу судьясының уәжделген хаттамасын электронды түрде алатын болады.

Аталған жаңашылдық тергеу әрекеттерін санкциялау туралы материалдарды ұсыну және оның нәтижесін білуге кететін уақытты барынша қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, қылмыстық процесті жеңілдетіп, сапасын арттырады.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі