Жоғарғы Сот Астана қаласының КАО Департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық филиалының қызметкерлеріне "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» атты семинар өткізіді.

Іс-шара барысында филиалдың қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерінің ережелері түсіндірілді.

Статистикалық деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жоғарғы Сотқа мемлекеттік қызмет көрсету туралы 495 өтініш түсті, оның ішінде 367 "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы түсті.

Іс жүзінде Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет Стандартының талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды жіберу фактілері кездеседі.

Осыған байланысты, аталған фактілерді болдырмау және мемлекеттік қызметті көрсету жұмыстарындағы проблемалық аспектілерді анықтау мақсатында, "сұрақ-жауап" қағидаты бойынша әңгіме өткізіліп, оның нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлеріне іс-шара барысында айтылған мәселелер бойынша жауаптар берілді.

Сонымен қатар, өткізілген іс-шаралар шеңберінде, ағымдағы жылы жоспарланатын мемлекеттік қызмет көрсету функцияларын Департаменттің аумақтық бөлімшелеріне беру арқылы қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін, оларды оңтайландыру бойынша процестері талқыланды. 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі