Жоғарғы Сот А.Ахметжановқа қатысты сот актілерін өзгертті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот өзінің қаулысымен а.ж. 20 маусымдағы  А.Ахметжановқа қатысты шығарылған сот актілерін өзгертті.

Сотталушының аса ірі мөлшердегі пара алуға қылмысқа оқталу эпизоды бойынша әрекеті ҚК-нің 24-бабы 3-тармағы, 366-баптың 4-тармағыны4 ірі мөлшердегі пара алу қылмысына оқталудан ҚК-нің  24-бабының 3-тармағы, 366-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына қайта сараланды және ол бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 58-бабы 3-тармағының негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ішінара қосу арқылы мүлкі тәркілене отырып, ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларымен байланысты билік өкілі қызметін атқарумен байланысты мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 айға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы түпкiлiктi   тағайындалды.

Сотталушыға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылықты қолдануына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның күшіне енген күннен бастап оның жаза мерзімі өтелмеген жаза мерзімінің төрттен бір бөлігіне қысқартылды.

Бұл орайда, сот А.Ахметжановтың әрекеттерін қайта саралау бойынша өтінішхатын қолдаған прокурордың қорытындысын, сондай-ақ, сотталушы А.Ахметжановтың материалдық зиянның өтемақысын толық өндіргені туралы  Қостанай облысы Әділет департаментінің хатын және жеке сот орындаушының қаулысын ескерді. А.Ахметжановтан, Л.Васильевтен, С.Биктибаевтан ортақ өндіріліп алынған материалдық зиянның жалпы мөлшері 67 465 811 теңгені құрады. А.Ахметжановтың мүлкін тәркілеу бойынша сот актілерінің күшін жою бойынша адвокаттың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі