Жеке санаттардағы дауларды сотқа дейін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотына талапкер Ф. жауапкер М.-дан өзін асырауға алимент өндіру туралы арызбен жүгінген.

Істі қарауға дайындық жүргізу барысында тараптарға, яғни бұрынғы ерлі зайыптыларға, араларындағы дауды медиация тәртібімен келісім жасау арқылы шешу құқығы түсіндірілді.

Кәсіби медиатор А.Тулесовтің қатысуымен талапкер мен жауапкер арасында медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалып, ол бойынша М. баласы үш жасқа толғанға дейін ай сайын алимент төлеп тұруға келісті.

Өз кезегінде Ф. келісімді бекітіп, азаматтық істі өндірістен қысқарту туралы арыз түсірді.

Оңтүстік Қазақстан облысының соттары АПК-нің 48-бабына сәйкес Жоғарғы Соттың жеке санаттардағы дауларды сотқа дейін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға байланысты жұмыстарды белсенді түрде жүргізуде.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі