Жамбылский областной суд провел семинар для судей, специализирующихся на рассмотрении гражданских дел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шарада сөз сөйлеген облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков оқытудың өзектілігін айтып, қатысушыларға жемісті еңбек тіледі.

Семинарда облыстық соттың судьялары Нұрлыбаева Динара, Әзіретқұлов Дінмұхаммед, Қасымов Мақсат, Әкетаев Ардақ, Кұлекеев Ғалым, Асылбек Гүлнар, Абай Есенбай, Оспан Мамытбеков баяндама жасады. Олар азаматтық істер бойынша сот актілерінің жасалу сапасы жайында сөз қозғады,  баяндау стилі, грамматика, реквизиттерді толтыру тұрғысынан сот актісінің талаптары бойынша ұсынымдар берді.

Семинардың өзекті тақырыптары болып талап арыздың қайтарылуы және қабылдаудан бас тартылуы, талап арыздардың қараусыз қалдырылуы, оңайлатылған өндірісте азаматтық істердің қаралу рәсімі туралы сұрақтары талқыланды. Азаматтық істерді қараудағы мемлекеттік бажды өндіру бойынша сот тәжірибесіндегі сұрақтар талқыланды. Нақты мысалдармен мәлімденген талапқа байланысты мемлекеттік баждың мөлшерін есептеу тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Соттың кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жан-жақты талқыланды.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі