Жамбылда сот 6 миллионнан аса берешек сомасын өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы АҚ-ның жауапкер ЖШС-ге қатысты 6 204 204,30 теңге қарыз сомасын және 1 013 001,02 теңге айыппұл, сондай-ақ, 216 517 теңге сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өзінің талап арызында өзара 2010 жылғы 31 желтоқсанда жасалған №2-09-2011 келісім-шарт бойынша жауапкер қолданған электр қуатының сомасын төлемегенін көрсеткен.

Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптардың келісім-шарттық қатынастарды сақтау үшін судья дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімін жасауға мүмкіндік берген. Осы мүмкіндіктің арқасында серіктестер дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімін жасап, бекітуді сұраған. Келісім бойынша жауапкер 6 204 204,30 теңге сомасындағы негізгі қарызды өндіруге және бұдан былай электр қуатына төлемді келісім-шарт бойынша уақытылы төлеуге міндеттенеді. Өз кезегінде, талап қоюшы 1 013 001,02 теңге көлеміндегі тұрақсыздық сомасын өндіру туралы талабынан бас тартады. Егер жауапкер өз міндеттемесін орындамаған жағдайда, талап қоюшыға негізгі қарызын және тұрақсыздық сомасын төлейді.

Тараптар өзара жасалған келісімдерін бекітуін сұрады.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Талап қоюшыға бюджеттен 216 517 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж салығына төлеген қаражаты қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі