Жамбыл облысының судьялары сот жүйесіне қатысты заңнамалық жаңашылдықтарды түсіндіруде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының судьясы Гүлнәр Асылбек "дөңгелек үстел" өткізді, оның жұмысына судьялар, «Қоғамдық қорғау» медиаторлары, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының, Халықаралық құқықтық қорғау орталығының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының, «Таразэнергоорталығы», «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Жамбыл-Жылу», «Тараз-Су», «Жасыл Ел-Тараз» коммуналдық мекемелерінің өкілдері қатысты.

Г.Асылбек Жоғарғы Сотттың пилоттық жобасының ережелері, оның мақсат-міндеттері, қағидалары мен медиацияны жүргізудің тәртібі жайында түсіндірді.

Облыстық соттың судьясы 2017 жылдың 13 наурызында Мемлекет басшысы қол қойған «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның мән-маңына да тоқталып өтті. Судья «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жаңашылдықтары Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің азаматтық, банктік заңнамаға және кәсіпкерлік қызметті жақсарту бағытталғандығын атап өтті.

"Дөңгелек үстелдың" қатысушылары пайдаланған коммуналдық қызмет қарыздарын өндіру туралы дауды алдын-ала сотқа дейінгі реттеудегі медиация институтының ерекшеліктерін енгізудің артықшылықтарын талқылады. Медиацияны қолдану серіктестік байланысты нығайтуға мүмкіндік туғызатындығы, сот процесінің созбалаңға салынуын болдырмауға мүмкіндік беретіндігі, іскерлік ақпараттың құпиялылығын сақтайтындығы жайында аталып өтілді.

Кездесуге қатысушылар өзара пікір алмасып, аталған бағыттағы өзара әрекеттестік оң нәтижелер алып келетіндігіне сенім білдірді.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі