Жамбыл облыстық сотының судьялары қылмыстық процестегі реформалар туралы хабарлады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, БАҚ-пен өзара үйлестіруші судья Гүлнар Сыздықова қылмыстық процесті жетілдіру туралы журналистерге айтып берді. Судьялар  тергеу, прокуратура, сот пен азаматтардың арасында туындайтын қатынастың оңайлататын жаңадан енгізілген және де келешектегі болатын өзгерістер жөнінде мәлімдеді.

Іс-шара интернет желісінде онлайн режимде көрсетілді. Қылмыстық процестің ең маңызды бағыттарының бірі болып адамның құқықтарын қорғау деңгейін жоғарлату болып табылатындығын,– Нұрмұхаммат Абидов айтып өтті. Адам құқықтарын сақтау тұрғысынан сот санкциясынсыз адамды ұстау мерзімі 48 сағатқа дейін төмендейді. Бұл, осы саладағы халықаралық стандарттарға жақындаудың маңызды қадамы болып табылады. Сонымен қатар, спикер ведомствоаралық топ ұсынған  жаңашылдықтарды айтып өтті. Сарапшылардың пікірінше, сотқа дейінгі іс жүргізудегі тергеу судьялар өкілеттіктерін түбегейлі кеңейту қажет. Құқық қолдану бойынша  жинақталған тәжірибе бізге халықаралық стандарттарға сәйкес және одан әрі сот бақылау механизмін жетілдіруге мүмкіндік береді, - деді Н.Абидов. Ол түсіндіргендей, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шынайы қорғау қажеттігін көрсетуі, заң тұрғысынан соттың жасырын тергеу іс-әрекеттерін санкциялау бойынша құзыретін бекіту маңызды мәселе болып табылады.

Сонымен қатар, Н.Абидов қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығын арттыру және адвокаттарға да тергеу судьясына тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы өтінішхатпен тікелей өтініш білдіру бойынша өкілеттіктер беру, сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында өкілеттіктердің қайталануын болдырмау және нақты бөлуге бағытталған реформаның негізгі аспектілерін түсіндірді.

Брифинг барысында ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Мұхитдин Райымбеков бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап Жамбыл облысы соттарында «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасы енгізілгені туралы хабардар етті.

М.Райымбеков енгізілген жаңашылдық тергеу әрекеттерін жүргізу және сотта істі қарау уақытын жылдамдатуға ықпал тигізетініне сенімділігін білдірді. Бұл жүйе бүгінгі таңда көптеген проблемалық мәселердің шешімін тауып отыр. Барлығы ашық, тергеушінің істегі құжаттарды ауыстыруына жол берілмейді. Сонымен қатар, тергеуші жүргізіп отырған тергеу амалдарын қажеттілігіне орай онлайн режимде басшысы көріп, прокурор да қадағалай алады,- деді М.Райымбеков.

Спикерлер пилоттық жобаны іске асырудың қысқа мерзімінде электронды қылмыстық іс барлық артықшылықтарын көрсетті, яғни жеделдік, ашықтық, адам ресурстарын және бюджеттік қаражатты үнемдеу, ал ең бастысы қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерінің қатаң сақталуы қоғам тарапынан жағымды көзқарас табатынына сенім білдірді.

Брифинг барысында журналистерден түскен сұрақтарға жауап беріп, олар өз тарапынан қылмыстық процесті реформалау қылмыстық сот ісін жүргізуде оның ашықтығын арттыруға және құқық қорғау тетіктерін күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі