Жамбыл облыстық сотында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын енгізу бойынша кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеңеске  Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Жомарт Рүстембеков, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш, сондай-ақ Департамент қызметкерлері, аудандық және оған теңестірілген Жамбыл облысы соттарының төрағалары, судьялары және кеңсе меңгерушілері қатысты.

Өз сөзінде Серғазы Омаш қатысушыларға Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Ішкі істер министрлігінің Бірлескен бұйрығына сәйкес жобаның енгізілуі 2017 жылдың 15 тамызына белгілендігін айтты. Басты мақсат – қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологияларды енгізу, оның айқындығын арттыру, қылмыстық процесстің мерзімін қысқарту, сондай-ақ қағаз жұмыстарын оңтайландыру.

Отырыс соңында қатысушылар «Электрондық қылмыстық іс» функционалдық модулінің жетілдірілуі бойынша бір қатар ұсыныстар енгізді.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі