Заңды тұлға сот актісін орындамаған үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Катонқарағай ауданының №2 сотында сотында заңды тұлға «Гульфайруз» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының атқару парағына сәйкес «Гульфайруз» ЖШС-нен және азамат Н.С.Нұртазиннен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның пайдасына 6 323 618 теңге қарыз сомасы өндірілуге тиіс болған, алайда «Гульфайруз» ЖШС өзінің қарыз бөлігін осы күнге дейін төлемеген. 

«Гульфайруз» ЖШС сот актісін орындамауына байланысты, «Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің» мемлекеттік сот орындаушысымен, соңғыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Сот мәжілісінде «Гульфайруз»  ЖШС-нің басшысы Т., кінәсін толық мойындаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы «Гульфайруз» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, 30 АЕК көлемінде, яғни 68 070 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі