Заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов пен облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Алексей Шипп өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осы іс-шараға облыс судьялары мен адвокаттары қатысты.

Е.Айтжанов атап өткендей, судьялар мен адвокаттар жұмыс бабы бойынша бір-бірімен күн сайын кездеседі, өйткені адвокат – құқықтық мемлекет жүйесінің ажырамайтын бөлігі. Сондықтан біз бірлескен күш-жігермен өзара сыйластық жағдайында азаматтық қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әділ әрі қолжетімді сот төрелігін іске асыруға, жоғары білікті заң көмегін көрсетуге тиіспіз.

Меморандумның мақсаты – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау; дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді түрде енгізу жөнінде өзара іс-қимыл жасауды нығайту; сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастық жасау.

Судьялар мен адвокаттар осындай жемісті ынтымақтастық бұдан әрі де жалғасатынына, ал меморандумға қол қою облыс соттары мен адвокаттардың белсенді түрде өзара іс-қимыл жасауына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

 

 

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов және қалалық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Кенжеғали Карчегенов өзара ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті.

Іс-шараны аша келе, Н.Әбдіқанов меморандумға азаматтардың құқығына құрмет мақсатында қол қойылғанын, судьялар мен адвокаттар адамгершілік, әділдік және заңдылық қағидаларының негізінде кәсіби қызметімен заң үстемдігін қамтамасыз ететін түсінуі өте маңызды екендігін атап өтті.

Тараптар сот қорғауын дамыту, бітімгершілік рәсімдерін іске асыру, соның ішінде, партисипативтік рәсім, «Сот кабинеті» жүйесін қолдану мүмкіндіктері және БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты мәселелер бойынша ынтымақтасуға келісті.

Қол қоюшы тараптар меморандумның ережелерін жүзеге асыру бойынша өзара сәттілік тілеп, жақын арада бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізуге ниет білдірді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы м.а. Қайрат Адранов және облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Ержан Қалиев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды. 

Меморандумға сәйкес сот жүйесі мен адвокатура азаматтарға білікті кәсіби заң көмегін көрсетумен қатар, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында өзара ынтымақтастықты арттыруды көздейді.

Бұл құжаттың басты мақсаты азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және енгізу бойынша өзара қимылдарды нығайту, сот ісін жүргізуде жариялылық мен ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, кәсіби әдепті сақтау бойынша өзара ынтымақтастықты күшейту көзделген.

Меморандумның маңыздылығын атап өткен Қ.Адранов азаматтарға жоғары кәсіби құқықтық көмек қажеттігін, бұл құжатқа қол қою дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту бойынша өзара қимылды нығайтатынын, партисипативтік рәсімді қолдану аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Ержан Қалиев меморандум шеңберінде жасалатын өзара ынтымақтастық нәтижесіне сенім білдірді.

 

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков пен облыс әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Тілеубек Камалиев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға медиация саласында тиімді ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мәселелері бойынша нәтижелерге қол жеткізу, медиацияның көмегімен сотқа дейінгі тәртіппен даулы және жанжалды жағдайларды шешу үшін жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытында және сапалы қорғаудың жүйелі шешімдерін табу мақсатында қоол қойылды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: облыс тұрғындары арасында даулы жағдайларды реттеу үшін медиация институтын кеңінен енгізуді қамтамасыз ететін шараларын әзірлеу жөніндегі өзара іс-қимыл жасау; облыстың қала және аудандарында медиация институтын дамыту; медиация институтына тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталған даулы жағдайлардың баламалы тәсілі ретіндегі жобаларды және бірлескен іс-шараларды әзірлеу; медиация саласында ақпараттармен, материалдармен алмасу; кез келген тарап ұйымдастырған медиация мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және басқа да іс-шараларға тараптардың өкілдерінің қатысуы.

Өзара ынтымақтастық негізінде азаматтық қоғамды дамытуға және қоғамдық келісімді қолдауға ықпал ететін медиациялық рәсімдерді жариялау мен насихаттауға байланысты бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Өзара әрекеттестіктің мәні медиация кабинетінде кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен тұрақты түрде қабылдау өткізу болып табылады,

Меорандумға қол қойғылғаннан кейін облыстық соттың төрағасы Мұсабек Әлімбеков Қарағанды облысының барлық соттарында медиация институтын кеңінен енгізуді және даулы жағдайлардың баламалы тәсілі ретіндегі қолдану мақсатында медиация кабинетін ашу қажеттілігі туралы айтты.

Бұдан басқа, облыс аумағындағы соттарға іс қараған кезде барлық санаттағы істері бойынша медиацияның артықшылығы, әсіресе, жеке айыптау істері бойынша түсіндіру қажеттілігі туралы ұсыныс жасалды.

Қайнар: 
жергілікті соттардың баспасөз қызметтері