Төраға қабылдауында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Ата заңымызда кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатқа үйлескен дәстүрлі шара Жоғарғы Сотта өз жалғасын тапты. Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровтың жеке қабылдауында  республикамыздың әр өңірінен келген 12 азамат болды.  

Кездесуде азаматтар республика соттарының сот актілерімен келіспейтіндігін алға тартты. 

- Маған сіздердің ішкі сезімдерініз жақсы белгілі, себебі әрбір ата-ана баласының заңды белшесінен басып, қылмыс жасағанына сенгісі келмейді...  

Сіздің балаңыздың  заңсыз есірткі заттарды өте ірі мөлшерде сатып алу, тасымалдау немесе сақтау жөніндегі соттың күшіне енген үкімін қадағалау тәртібінде қайта қарау жөніндегі талап - арызыныз түсті.

Сізді осы аталған қылмыстық істі Жоғарғы Сот талап етіп, алдырып, оны мұқият зерделейтініне сендіремін - деді Жоғарғы сот органының басшысы Қостанайдан келген  әке көңіліне демеу беріп.

Азаматтардың ішінде І топтағы мүгедек, мүмкіндігі шектеулі Алматылық әйел де болды. Көз жасы көл болған ол, аз уақыт ішінде әр түрлі себептермен жұмыссыз жүргендігін айтып, күн көрістің қиындағанын алға тартты. Оның айтуына қарағанда, бес рет тәртіптік жауапкершілікке тартылып, соның бірінде қатаң жаза алған, яғни жұмыстан босатылған.

Сонымен қатар 2 жеке фирманың басшысы өздерінің кәсіби қызметінде  туындаған дауға байланысты өз мүдделерін қорғау үшін шағымданған.  Олар  өздерінің  опонентерімен туындаған дауға азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы әділ шешім шығаратындығына үлкен сенім білдірді.  

Сот табалдырығын аттағандардың ішінде тек шағымданушылар ғана емес қоржыны батаға толы қария да болды. Қарияның еңбек жолы сот саласымен  тығыз байланысты. Бүгінде ол болашақ заңгерлерді тәрбиелеген құрметті отставкадағы судья. Республикамыздың бас қазысы сот саңлағымен қызуқанды әңгіме өрбітіп, қоғамдық саяси маңызы бар судьяларының кезекті VІ съезіне қатысты  әзірленіп жатқан шаралардың негізімен бөлісті.

Қашанда бұқараны еңбек құқығына қатысты даулар толғандырмай қоймайтыны белгілі. Осы тектес мәселемен келген жас азаматша сот саласындағы қызметке орналасқысы келетіндігін айтты. Мәселенің түйінін тарқатқан Б.Бекназаров мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы заңның қолданысқа енгізіліп, бүгінде меритократия қағидаларына сәйкес жүргізіліп отырғандығын тілге тиек ете отрып,  мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібін түсіндірді. 

Жалпы айтқанда, Жоғарғы Сот Төрағасы әрбір шағымдар бойынша істер заннама шеңберінде қаралып, әрқайсысына жазбаша түрде жауап қайтаратындығына үлкен сенім білдірді.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі