Таразда сот 4 миллионнан астам теңгені өндіру туралы дау медиативтік келісім арқылы реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке кәсіпкер Е. жауапкер «К» ШЖҚ РМК-нан 4 899 440 теңге (қарыз) және 132 285 теңге (өсімпұл) сомасын өндіру туралы талабымен жүгінді.

Істі сот талқылауына дайындау сатысында жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның шеңберінде тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеудің құқықтары түсіндірілді.

Судья-медиатордың қатысуымен талап қоюшы мен жауапкер арасында медиациялық келісім жасалды. Келісім бойынша талап қоюшы жауапкерге қарызды төлеу үшін 2017 жылдың 31 наурызына дейін уақыт беруге келісті, өз кезегінде, жауапкер жеткізілген тауардың жалпы сомасы 4 899 440 теңгені талап қоюшының есеп шотына  2017 жылдың 31 наурызына дейін  аударуға міндеттеме алды.

Талап қоюшыға төленген 50317 теңге мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі