Судьялар үшін семинар-тренингтер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық соты судьяларға семинар-тренинг өткізді.

Іс-шарада облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов жетекшілік бағдарламасы қызметінің жаңа жағдайларында алғаш тағайындалған судьялардың бейімделуіне, жүріс-тұрыс әдеп нормаларының дамуына және сот жұмысы процесінде психологиялық қолдау көрсетуге бағытталғанын атап айтты.

Тренингтің барысында облыстық соттың ментор-судьялары М.Қасымов, С.Яковлева және Г.Сыздықова процеске қатысушы тұлғалармен коммуникативті дағдыларды қолдануды көрсетті.

Оқыту тәжірибеден ұсынылған жағдайларды талдаумен интерактивті түрде өтті.

 

Павлодар облыстық сотында жас судьялар үшін семинар-тренинг өтті

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов, Мемлекет Басшысыменсудьялардың VII съезінде және Қазақстан халқына деген Жолдауында қойылған міндеттерге ерекше назар аударды. Судьялар өз ішінде кішіпейілділік, парасаттылық, білімділік, жоғарғы мәдениет деңгейі, адамгершілік сияқты қасиеттерді дамыту қажет екенін белгілеп өтті. Осының бәрі сот міндеттерін сапалы орындауға, заңға сәйкес әр сот істерін шешуге ықпал етеді.

Рөлді сот отырысы барысында процесті өткізу шеберлігінің мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәжірибелі судьялар процесті жүргізу бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтып өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша тренинг қатысушыларымен жіберілген кемшіліктер талқыланып, жас судьяларға сырт келбетіне қойылатын талаптарды сақтауға, сауатты, дәлелді сот актілерін дайындауға талпыну, сот процесін дұрыс ұйымдастыру, әрдайым өзін-өзі жетілдіруге назар аудару, өзін өзі оқыту, заңдылықта бұзушылықтар жібермеу мақсатында қолданыстағы заңнаманы зерделеу ұсынылды.

 

Қостанай облыстық сотында менторлық бойынша үш жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас судьяларға арналған семинар-тренинг өтті. Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев тақырыптың өзектілігін атап өтіп, сот жүйесінде менторлық пен тәлімгерліктің маңызды рөліне тоқталды.

Іс-шарада педагогика ғылымдарының кандидаты, коуч Наталья Новодворская жаттықтырушы болып, судьяларға ментор, тәлімгер, коуч, жаттықтырушы түсініктерінің мәнін ашты. Судьялар төрт топқа бөлініп, әр қайсы ментор мен протеже образына жасады. Сондай-ақ тренингке қатысушылар тақырып бойынша өз сауалдарын қойып, жұмыс барысында көмекшілік рөлін ақтарған shadowing және buddying сында жаңа терминдер мағынасын білді.

Жаттықтырушы өз сөзінде, қарамағындағы тағылымдамадан өтушіні  өзінің іскерлік дейгейінен де жоғары дейгейде тәрбиелей алушы ғана нағыз ментор екендігіне тоқталды. Тәлімгерлік, жеке және іскерлік құзыреттілік моделдері нақтыланып, судьяға қажетті негізгі құзыреттілік анықталды.  Судьяларға істің мән-жайын ашу мақсатында сот процестері кезінде тараптарға сауалды дұрыс қоя білуі, ашық және жабық сұрақтарды дұрыс пайдалана білуі техникасы да көрсетілді.

Тренинг соңында, іс-шараға қатысқан отставкадағы судья Әлия Рахаделова жас мамандар үшін өткізілген кездесудің нәтижелілігін атап өтіп, жас судьяларға сот төрелігін жүзеге асыруда бейтарап болуға, тараптардың әр қайсын тыңдай біліп, өзінің ішкі сезіміне бой алдырмауға кеңес берді.

Судьялар іс-шараның нәтижелі болғанын, пайдалы ақпарат алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Қайнар: 
Жамбыл және Павлодар облыстық соттардың баспасөз қызметтері