Соттың үкімі бойынша

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Р.Тасмамбетовтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы, 2-бөлігінің «а, д» тармақтарымен, 178-бабы 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен, 120-бабы, 3-бөлігінің «в» тармағымен және 121-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен сотқа берілгендер: Есмагамбетов А.М., 25.11.1982 ж., Жиенқұлов Н.Ж., 02.04.1980ж., Қазтуғанов А.Қ, 29,06,1989 ж., Телегусов Е.Т., 12.11.1987 ж., Қабышев Н.У. 01.04.1980ж., Жугинисов Б.О 15.08.1984ж., С.Н.Сисеновке 08.12.1978 ж., қатысты қаралаған іс бойынша 2013 жылдың 26 шілдесінде сот үкімі жарияланды.

Соттың үкімі бойынша:

Есмагамбетов Амандық Максимович, ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігінің «а,д» тармақтарымен, 178 бабы, 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен, 120-бабы, 3-бөлігінің «в» тармағымен және 121-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, оған ҚРҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 17 (он жеті) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды.

 Жиенқұлов Нұржан Жұмакелдіұлы ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігінің «а,д» тармақтарымен, 178 бабы, 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен, 120-бабы, 3-бөлігінің «в» тармағымен және 121-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, ҚРҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен оған түпкілікті 17 (он жеті) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды.

Қазтуғанов Азамат Қамбарұлы ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігінің «а,д» тармақтарымен, 178 бабы, 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен, 120-бабы, 3-бөлігінің «в» тармағымен және 121-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, ҚРҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 16 (он алты) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды.

Телегусов Ерлан Туркменбаевиче ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігінің «а,д» тармақтарымен, 178 бабы, 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен, 120-бабы, 3-бөлігінің «в» тармағымен және 121-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, ҚРҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 14 (он төрт) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды.

Қабышев Нұрлан Умирханович ҚР ҚК 120-бабы, 3-бөлігінің «в» тармағымен және 121-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып,  ҚРҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде қылмыстардың жиынтығы  бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды.

Жугинисов Болатбек Орманович ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 13 (он үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды.

Сисенов Саламат Нығметұлы ҚРҚК 120-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 12 (он екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды.       

Үкімге апелляциялық шағым мен наразылық келтірілуі мүмкін

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі