Соттар мен адвокатураның сындарлы диалогы – заң үстемдігін қамтамасыз етудің кепілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков және облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Серік Баймұратов өзара ынтамақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.              

Меморандумға сәйкес, өңірдің сот органдары мен адвокатурасы заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігінің қолжетімділігі мен азаматтарға жоғары кәсіби заңгерлік көмек көрсету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын болады.

Т.Баратбеков іс-шараны аша келе,  меморандумға қол қоюдағы мақсат сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріндегі ынтымақтастықты кеңейту екендігін жеткізді.

Қол қою рәсімінде тараптар құжат партисипативті рәсім тәртібінде дауларды реттеу тетіктерін кеңінен қолдануға және насихаттауға, БАҚ-та, соның ішінде, Интернет желісі арқылы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін және соттан тыс реттеудің мүмкіндіктері мен басымдықтарын, медиациялық рәсімдерді қолданудың маңыздылығын бірлесе құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталғанын атап өтті.

 

Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев және елордалық адвокаттар алқасы төралқасының төрайымы Райхан Досанова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының дамуына ақпараттық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды, азаматтардың құқықтары мен азаматтар және ұйымдардың заңды мүдделеріне кепілдігін қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында қалалық соттың төрағасы сот өндірісіне қатысушылардың ашықтық, жариялылық және  заңдылық қағидаларын сақтаудағы ортақ мақсатының маңыздылығын атап өтті.

Райхан Досанова сот қызметкерлерінің іскерлік ынтымақтастыққа дайындығы үшін ризашылығын білдірді, адвокаттық қоғамдастықтың сындарлы диалогқа дайын екендігін жеткізді.

Кездесуге қатысушылар Меморандумның мақсаттарын жүзеге асыруда өзара сәттілік тіледі.

 

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев пен аймақтағы адвокаттар алқасы төралқасының төрайымы Анжела Раисова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шараға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов және облыстық Судьялар одағы филиалының төрайымы Тахмина Сұлтанова, сондай-ақ судьялар және қорғаушылар қатысты.

Меморандумның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясындағы ынтымақтастықты кеңейту; дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын белсенді түрде енгізуді жан-жақты дамыту және нығайту, сот ісін жүргізуде жариялылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Рүстем Алшынбаев азаматтарға жоғары білікті заң көмегін көрсету қажеттілігін атап айтты. Сонымен қатар, меморандумға қол қою дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын белсенді түрде енгізу бойынша өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға және нығайтуға, партисипативтік рәсімдердің қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуге ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға, сондай-ақ сотқа талап арыздарды, өтініштерді, шағымдарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде беру мүмкіндігі туралы азаматтарға түсіндіруге толық ықпалын тигізетіні аталып өтті.

Өз кезегінде Анжела Раисова меморандум аясындағы өзара іс-қимылдың нәтижелі болатындығына сенім білдірді.

 

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев пен өңірдегі адвокаттар алқасының төрағасы Серікбай Шеңгелбай өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум судьялар мен адвокаттардың қатысуымен бекітілді.

Меморандумның негізгі мақсаты адам мен азаматтың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, дауларды сотқа дейін, соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту, ынтымақтастықты нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қ.Нұрышев ынтымақтастық туралы құжаттың маңыздылығын сөз етіп, Меморандум партисипативтік рәсім тәртібінде дауларды реттеу және шешу кезінде медиацияны қолдану саласын кеңейтуді, дауды шешудегі мүмкіндіктерді пайдалану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді нығайтатынын атап өтті.

Өз кезегінде адвокаттар алқасының төрағасы Серікбай Шеңгелбай меморандум  шеңберінде жұмыс жасауға дайын екенін айтты.

Іс-шара барысында Қызылорда облыстық сотының судьясы Светлана Жуынтаева баяндама жасап, сот дауларын шешудегі партисипативтік рәсімнің маңыздылығына тоқталды. Меморандум талаптарын жүзеге асыру үшін тараптар арасындағы дауды партисипативтік рәсіммен бітіруге судьялармен қатар, адвокаттардың белсенділік танытуы керектігі айтылды.

Қайнар: 
жергілікті соттардың баспасөз қызметтері