Сот төрелігі академиясында Наурыз мейрамына орай мерекелік жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, Академияның басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары қатысты.

Іс-шарада сөз сөйлеген Жоғарғы Соттың Мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева: «Наурыз – Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы, Күн мен түн теңесіп, табиғат жаңаратын күн. Бұл мереке біздің елімізде Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды. Наурыз мерекесі біздің қоғамда бірлік пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім секілді құндылықтардың орнығуына септігін тигізіп келеді. Биылғы жылы Наурыз ел дамуының жаңа кезеңі – конституциялық реформаның басталуымен тұспа-тұс келді» дей келе, ғасырдан-ғасырға ұласқан салт-дәстүріміз арқылы бізге жеткен Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа мол бақыт, зор денсаулық, ізгілік пен құт-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.

Іс-шара мерекелік концертке ұласты. Оның барысында Академия магистранттары қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сахналап, ұлттық нақыштағы мың бұралған билері мен әндерін орындап, өз өнерлерімен тәнті етті.

Жиын соңында сөз сөйлеген Академия ректоры Мұрат Бейбітов жиынға қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтай келе, жаңа мәртебеге ие болған Академия қабырғасында Наурыз мерекесінің алғаш рет тойланып отырған айта келе, алдағы уақытта да Академия ұжымы оқу бағдарламасымен қатар, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, ел бірлігі мен татулығын нығайтуға бағытталған патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға бар күш-жігерін салатындығын жеткізді.

Іс-шара соңында мерекелік дастархан жайылып, қонақтар Наурыз көжеден дәм татты. 

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы
Пікірлер мен ұсыныстар