Сот төрелігі академиясы Қырғызстандық әріптестерімен меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Қырғызстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот төрелігі жоғары мектебі арасында сот төрелігі саласы қызметінің ғылыми-инновациялық қызметі, сот оқуы саласы бойынша тәжірибе алмасу туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған іс-шара Қырғыз Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот төрелігі жоғары мектебі делегациясының Қазақстанға жасаған сапары шеңберінде өтті. 

Меморандум судьялар мен сот қызметкерлерін оқыту саласы бойынша ынтымақтастың тиімділігін арттыруға, ғылыми-инновациялық салада өзара іс-қимыл арқылы екі елдің жоғары оқу орны қызметін жетілдіруге бағытталады. Магистранттар, қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрам үшін тағылымдама мен оқу сапарын ұйымдастыру, бірлескен оқу-білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жүзеге асыру, келісілген тақырыптар бойынша екі елдің мамандарын қатыстыру арқылы дәрістер (семинарлар) жүргізу мәселесі бойынша тараптар бірігіп іс-шаралар өткізетін болады.

Сонымен қатар, оқу орындары арасында тікелей іскерлік байланыстардың дамуына жағдай жасалатын болады.

Қырғыз Республикасы Сот төрелігі жоғары мектебінің директоры Тұрғынбаева Раушанай меморандумға қол қою сот төрелігін жүзеге асыруды жетілдіру бойынша екі ел сот органдарының бірлескен бастамасын жүзеге асырудағы өзара тиімді іс-қимылға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Қаудыров аталған шара еліміздің сот жүйесі үшін судьялық кадрлардың біліктілігін арттыруда, сонымен қатар, сот оқуы саласында құқықтық жүйені интеграциялау мен дамыту бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жетілдірудегі маңызды қадамдардың бірі екендігін атап көрсетті.

Жалпы алғанда, тараптар оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық арқылы сот жүйесі үшін кадрлар даярлау процесінде туындайтын мәселелерді неғұрлым тиімді және ұтқыр шешуге болатындығынын атап өтті.

Сапар ағымдағы жылдың 9-қазанында басталып, 13-қазанға дейін жалғаспақ. Сапар барысында қырғыз делегациясы жоғары оқу орнынан кейінгі оқудың білім беру бағдарламасымен, судьялар мен сот қызметкерлері біліктіліктерін арттырудың қазақстандық жүйесімен танысты. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларымен және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылық  құрамымен кездесулер өтті.

Сонымен қатар, меймандарға сот төрелігін жүзеге асырудың электронды сервисінің тәжірибедегі артықшылықтары менЖоғары Соттың  Ахуалдық орталығының жұмысы таныстырылды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар