Сот әскери қызметшінің әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әскери қызметші А., сотқа С.-ді ар-намысына нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратты деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тарту шағымымен жүгінді.

Ақмола гарнизонының әскери сотымен жеке айыптау бойынша ҚР ҚК-нің 130 бабаының 1-тармағымен  әскери қызметші С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында сотталушы А.-мен сенімхат негізінде пайдаланған өзіне тиесілі автокөліктің сату мерзімін созуға келіскендерін айтты.  Кейіннен доллар бағасының теңгеге қатысты өсуіне байланысты А. мәмілеге келуден бас тартып, сенімхат негізінде автокөлігін пайдалануды жалғастырып, қайтармаған. Сондықтан, ол автокөлігін заңсыз пайдаланған А.-ға қатысты полицияға шағым келтірген. Алайда оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ниеті болмаған.

Сот талқылауы барысында сотталушымен берілген айғақтар мен нақты деректерді зерделеп, сот дәлелдер мен дәлелдемелердің жиынтығы объективті түрде ақтауға негіз деп шешті.

Азамат А. сотқа сотталушы қасақана оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратты деуге негіз болатын жеткілікті дәлелдер ұсынған жоқ.

Осылайша, сот С.-ның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтап, кінәсіз деп таныды.

Қайнар: 
Әскери соттың баспасөз қызметі