Сот қауымы халықаралық тәжірибемен бөлісті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлт көшбасының төңірегінде топтасқан азат ойлы азаматтардың көксегені-ұлтын өрге қарай сүйреу, яғни өркениетті елдер қатарына қосылу басты меже. Бұл-елдік идеясы, Елбасының Қазақстан Халқына Жолдауынан және саяси құқықтық тұғырнамамен ұштасып жатыр. Демек құқықтық кеңесті одан әрі  жетілдіру  экономикалық-әлеуметтік салалардың дамуына ықпал жасайтыны сөзсіз.

20-21 маусымда осы мақсатқа жұмылдырылған игі шара әділдіктің қара шаңырағына айналған  Жоғарғы Сотта ұйымдастырылып, өткізілуде. Онда әлемдік деңгейдегі халықаралық сарапшылар және судьялар, ғалымдар, сондай-ақ, Грузия, Польша, Украина,Эстония, Молдова елдерінің өкілдері, сондай-ақ  бақылаушы ретінде Германия, Ресей, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінің өкілдері бас қосып, күн тәртібіне қойылған «Әкімшілік юстиция: сот ісін жүргізуді және мамандандыруды оңтайландыру, құқықтық қорғау тиімділігін арттыру» жөніндегі мәселені егжей-тегжей талқылады.

Тараптардың Астанада жыл сайынғы төртінші кездесуі   «Армения, Грузия, Қазақстан, Молдова, Польша, Украйна және Эстония судьялар қауымдастығының арасындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Ынтымақтастық жөніндегі меморандум» аясында жасалып,  әр тәуелсіз мемлекеттің өкілдерін бір шаңырақтың астына топтастырды.

Шараны өткізілуіне Жоғарғы Сот және IRZ Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германияның құқықтық қорының бірлестігі, құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу GIZ аймақтық бағдарламасы (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германдық қоры) «Орталық Азия елдері» ұйытқы болды.

Бұл халықаралық деңгейдегі бас қосудың басты мақсаты халықаралық ынтымақтастықты, мемлекетаралық қатынастарды нығайту, сондай-ақ, кәсіби мүдделер саласындағы өзекті мәселелерді шешу барысында тәжірибе алмасу болып табылады.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Жоғарғы Соттың Төрағасы Бектас Бекназаров ашып, келген қауымға жылы лебізін білдірді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында сот реформалары жүргізіліп, сот төрелігін атқаруды оңтайлы шешімдер қабылданып,  отандық заңнамаға өркениетті елдердің озық идеялары енгізіліп, болашақта ел мүддесіне қызмет ететіндігін баяндады.

Одан соң  өзге елдердің өкілдері сөз алып, сот жүйесіне және әкімшілік юстицияға қатысты ой-пікірлері мен көзқарастарын бөлісті. Жалпы көпшіліктің ортақ тақырыбына айналған мәселеге қысқаша тоқталсақ, дамыған елдердің заңнамасынан  алынған, әкімшілік юстиция проблемалары осы конференцияның негізгі арқауына айналды. Әкімшілік құқыққа нақтыланған конституциялық құқық ретінде сипаттама беруге болады,  ол экономикалық ахуалды жақсартуда маңызды рөл атқарады. Әкімшілік құқық  қандай да бір экономикалық іс әрекеттерді  шешуді қажет ететін  немесе міндетті тіркеуге жататын, талап етілетін шешімдерді қандай жағдайларда алуға болатынын реттейді. Бұндай шешімдер олардың айрықша маңыздылығына байланысты әділеттің тәуелсіздігін тексеруін қажет етеді. Мамандандырылған, кәсіби және тәуелсіз әкімшілік юстицияның тек өмірге келуі де халықаралық инвесторлар үшін  маңызды болып табылады. Тек осылай ғана олар күмәнді жағдайда өз инвестицияларын қорғай алатындығына сенімді бола алмады. Халықаралық тәжірибие көрсетіп отырғанындай, осындай әкімшілік юстицияны жүйеге енгізген елдер, халықаралық инвестицияның өсу деңгейінің артқанын хабарлай алады. Осылайша, әкімшілік іс жүргізу құқығы негізгі фактор болып табылады.

Әкімшілік юстиция сот билігінің мамандандырылған тармағы ретінде тек экономиканың  ғана емес, сол сияқты әлеуметтік саланың дамуына  да үлкен әсер етеді. Ол қоғамның және оның жекелеген мүшелерінің де,  сот бақылауын күшейтудегі мүдделерін қозғайтын болғандықтан, сот құқықтық қатынастар  саласында, жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен бостандықтарын,  құқықтарын қорғауға да септігін тигізеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында еуропалық стандартқа сәйкес келетін әкімшілік юстиция құрылмаған.

Алайда саяси құқықтық тұғырнама қазіргі әкімшілік құқыққа кіріспе енгізуді көздейді. Конференция әкімшілік юстицияның  болуы ықтимал даму жолдарын және қазіргі әкімшілік үрдісіне кіріспе енгізудің Қазақстан үшін қандай  пайда әкелетін болжауға тиіс. Тәжірибе алмасуға Европа және ТМД елдерінен беделді халықаралық сарапшылардың қатысуы  арқылы септігін тигізетін болады. 

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі