Солтүстік Қазақстан соттың төрағасы Е.Айтжанов: «Біздің мемлекеттік рәміздеріміз геральдика тілінде Қазақстан халқының рухани құндылықтарын білдіреді»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, биыл «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы қабылданғанына 10 жыл болатынын атап өтті.

Қазақстанның басқа мемлекеттердің сияқты бүкіл дүние жүзіне танымал болған, еліміз имиджінің ажыратылмас бөлігіне айналған өзіндік мемлекеттік рәміздері бар. Біздің мемлекеттік рәміздеріміздің барлығы тәуелсіздік кезеңінде әзірленіп, бекітілген. Олар геральдика тілінде Қазақстан халқының рухани құндылықтарын білдіреді, - деді облыстық соттың төрағасы Е.Айтжанов.

Облыстық соттың судьясы Наталья Шалаева еліміздің мемлекеттік рәміздерінің тарихы туралы баяндады.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы деректі фильм көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқала отырып, осындай салтанатты іс-шаралар облыстың барлық аудандық және оған теңестірілген соттарында өткізілді.

 

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов құттықтау сөзінде еліміздің мемлекеттік рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы азаматтардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, рәміздерге зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рухын арттыру маңыздылығы туралы айтты.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Советхан Сәкенов ұжымды мерекемен құттықтай келе, «Мемлекеттік рәміздер мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Қазақ халқының мақтанышында шек жоқ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне келгенде, мақтаныш пен патриоттық сезімге бөленеміз», - деді.

Іс-шара барысында облыстық соттың судьясы Нұргүл Аймханова «25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды және биылғы жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңның қабылданған күнін салтанатты түрде атап өтеміз», - деді.

Салтанатты жиын соңында облыстық сот төрағасы қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт, отбасыларына береке, ашық аспан және Отанымыз – Қазақстан Республикасының жаңа жетістіктерге жетуін тіледі.

 

Қостанай облыстық соты Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері күнінің 25 жылдығы қарсаңында облыс судьялары арасында дойбы, шахмат, үстелдегі теннис және бильярд сынды спорт түрлерінен турнир өткізді.

Әйелдер арасында дойбыдан бірінші орынды Қостанай қалалық сотының судьясы Б.Қанқұлова, екінші орынды Лисаков қалалық сотының судьясы Н.Насырова, үшінші орынды облыстық сот судьясы Г.Артықбаева иеленді.

Ал ерлер арасында дойбыдан Сарыкөл аудандық сотының төрағасын А.Дарбаев алға шықты. Екінші және үшінші орындар Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.Сералин мен отставкадағы судья Б.Ордабаевқа берілді.

Қостанай қалалық №2 сотының судьясы А.Байжұманова шахматтан әйелдер арасында үздік деп танылды. Лисаков қалалық сотының судьясы Н.Насырова мен облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Рахымбаева екінші, үшінші орындарды бөлісті.

Ерлер арасында шахматтан Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.Сералин жеңіп шықты. Екінші орын Қостанай аудандық сотының судьясы С.Абатовқа, үшінші орын қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Ж.Асылбековке бұйырды.

Үстелдегі теннисте әйелдер арасында бірінші және екінші орындарды  Қостанай қалалық сотының судьялары Б.Алтынсарина мен Р.Оспанова иеленді. Үшінші орын экономикалық соттың судьясы М.Сәлкееваға берілді.

Ерлер арасында жүлделі орындар отставкадағы судья Б.Ордабаевқа, Қостанай қалалық №2 сотының судьясы А.Қабеновке және аталған сот төрағасы Б.Құдабаевқа бұйырды.

Бильярд бойынша Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев бірінші орынды иеленді. Қостанай қалалық №2 сотының төрағасы Б.Құдабаев пен Рудный қалалық сотының төрағасы А.Сәлмұхаметов екінші және үшінші орындарды місе тұтты. 

 

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Мемлекеттік рәміздер күніне орай сот мамандарының қатысуымен кеңес өтті.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі  Айгүл Абылаева сот ұжымын Мемлекеттік рәміздер күнінің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, айтулы күннің маңыздылығына тоқталды. «Мемлекеттік рәміздер күнін қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді. Алтын түстес арайлы күн мен қалықтаған қыран бейнеленген  көгілдір ту және барша қазақстандықтардың ортақ үйі іспеттес шаңырақ бейнесі суреттелген елтаңба тәуелсіз мемлекеттің нышанына айналды», - деді Айгүл Абылаева.

Кеңес шеңберінде Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Әл-Фараби Жақсылық «Мемлекеттік рәміздерді орналастыру және ескірген жағдайда ауыстыру және жою тәртібі» тақырыбында баяндама жасады. Осы соттың бас маманы Ақтолқын Рахметбек  «Мемлекеттік рәміздердің тарихы» тақырыбында сөз сөйледі.

Іс-шара соңында оған қатысушылар Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін насихаттау және көпшілікке дәріптеу арқылы ұлттық сана мен отаншылдық сезімді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. 

Қайнар: 
жергілікті соттардың баспасөз қызметтері