Солтүстік Қазақстан облысының отставкадағы судьялары өз тәжірибелерімен бөлісті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының отставкадағы судьялары жас судьялармен оқыту семинарларын өткізуде.

Мәселен, отставкадағы судья, заң ғылымдарының кандидаты Инесса Қуанова жас судьялардың біліктілігін арттыру мақсатында Петропавл қаласының №2 сотының судьяларымен татуластыру рәсімдері бойынша семинар-трениг өткізді.

Тренинг барысында Инесса Зайноллақызы татуластыру рәсімдерін өткізу жағдайларын жан-жақты түсіндіріп, тараптарды татуластыру судьяға, тараптарға және тараптардың өкілдеріне қызықты болу тиіс екендігін атап айтты. Татуласу келісімі ерікті, әр тарапқа тиімді болуы тиіс, бұл кезде іс бойынша төрағалық етуші судья тараптарға татуласу келісімінің қажет екендігін түсінуге жағдай жасайтындығын айтты.

Жас судьялардың татуластыру келісімі бойынша процессуалдық заң нормаларын талқылауға мүмкіндіктері болды, Инесса Қуанова жас әріптестерімен өзінің тәжірибесімен және азаматтық сот ісіндегі білімімен бөлісті.

Қызметте практикалық тәжірибелері мол, отставкадағы судьялар Қазиза Жүнісова мен Лидия Капустина тұрақты түрде алғаш рет  тағайындалған судьяларға, судья кәсібін меңгеруге пәрменді көмек көрсетеді. Семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізеді, туындаған сұрақтар бойынша кеңестер береді.

Жас судьялармен өткізіліп жатқан жұмыстар істерді қарау сапасын жақсартуға ықпал жасайды.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі