Солтүстік Қазақстан облысының облыстық соты жәбірленушінің пайдасына 3 000 000 теңге сомасында моральдық шығынды өндіріп алу туралы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Петропавл қалалық №2 сотына Р.Х.Бапаева В.В.Кочергинге моральдық шығынды өтеу, жол көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген залалдың орнын толтыру туралы талап арызымен шағымданған.

Талап қоюшы талап арызында жауапкер кінәлі болып табылатын жол көлік оқиғасы нәтижесінде жәбір көргендігін атап көрсеткен. Сот медициналық-сараптама қорытындысына сәйкес оның денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Талап қоюшы соттан басынан өткізген адамгершілік және дене зақымдары үшін жауапкерден моральдық шығынды өтеп алуды сұрады. Талап қоюшы көптеген дене зақымдары мен ауыр жарақаттар алып ұзақ уақыт емдеуде болған, бірнеше күрделі ота жасатқан. Жыл өткен соң таяқшаның көмегімен жүреді. Сондай-ақ талап қоюшы жол көлік оқиғасынан кейін еңбекке жарамдылығынан айырылған.

Сотта жауапкер В.В. Кочергин  жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру шартынсыз, «ИЖ» мотоциклды жүргізіп келе жатып, елді мекенде жүру үшін бекітілген максималды жылдамдықты арттыра отырып, жаяу жүргіншіге жол бермей, көлік құралын басқаруды бақылаудан жіберіп алып, жаяу жүргіншіні басып кеткен.

Сот шешімімен жауапкерден 3 000 000 теңге көлемінде моральдық шығын сомасы, сондай-ақ сот шығындары өндіріп алынды.

Бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеген жауапкер апелляциялық шағым берген.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Петропавл қалалық №2 сотының шешімі өзгеріссіз, жауапкердің шағымы – қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар