Солтүстік Қазақстан облысында медиация артықшылығын түсіндіру бойынша мобильді топ құрылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық соттың басшылығының бастамасымен мобильді топ құрылды, оның құрамына қызмет істейтін және отставкадағы судьялар, кәсіби медиаторлар, адвокаттар, этномәдени бірлестіктердің басшылары кіреді. Құрылған топтың мақсаты аудан орталықтары мен облыстың шалғай аудандарының тұрғындарына медиация және татуластыру ресімдерінің артықшылығын түсіндіру болып табылады.

Мобильді топ облыс аудандарының ішінде ең бірінші Аққайың ауданы мен М.Жұмабаев ауданында болып қайтты.

Іс шараларда аудан тұрғындары, кәсіби емес медиаторлар, нотариустар, адвокаттар, жергілікті полиция қызметкерлері, сот орындаушылары, АХАЖ қызметінің жұмысшылары, аудандардың кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Кездесулер барысында мобильді топ басшысы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Сәкен Тілегенов «100 нақты қадам – қазіргі заманғы мемлекет барлығы үшін» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға байланысты еліміздің сот жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтармен таныстырды. Сондай-ақ судья Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық келісімін сақтаудағы маңызды рөлі атап айтты, онымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 2016 жылғы 30 маусымда Татуластыру ресімдерін жүзеге асыру бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойған.  

Отставкадағы судья Инесса Куанова қатысушыларға медиация артықшылығы мен мүмкіндіктері жайлы слайд түріндегі оқулығын көрсетті. 

Сонымен қатар, аудан тұрғындарына медиатор жұмысының қырлары және медиатор болғысы келетін тұлғаға қойылатын заң талаптары, қылмыстық істер бойынша іс жүргізудегі татуластыру ерекшеліктері, татуластыру ресімдерінің бірі – партисипативтік рәсімі туралы және қоғамдық қатынастарға жақсы әсер ететін, еліміздің ашықтық деңгейін көтеретін Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті

Іс шара қорытындысы бойынша аудан тұрғындары пайдалы ақпарат үшін мобильді топ мүшелеріне алғыс білдірді және оның пайдасы мен өзектілігін атап көрсетті. Алдағы уақытта мобильді топ облыстың барлық аудандарына барып қайтуды жоспарлап отыр.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі