Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы жұмыс сапарымен облыс соттарына барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов  соттар бойынша жұмыс сапары барысында Ғ.Мүсірепов атындағы аудан соты және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық сотында болып қайтты.   

Аудан орталығы Новоишимка селосында төрағаның аудан белсенділерімен кездесуі өтті. Жиналыста Е. Айтжанов Қазақстанның сот жүйесіндегі соңғы өзгерістерге тоқталып өтті.

Төраға қазіргі күні барлық жаңашылдықтар өз үміттерін ақтағандығы туралы айтуға болатындығын ерекше атап айтты. Мемлекет басшысы өткен жылдың қарашасында болған судьялардың VII съезінде осындай баға берген.

Ерлан Айтжанов елімізде заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін және заманауи құқықтық және демократиялық мемлекеттің барлық жалпыәлемдік стандарттарына сәйкес келетін мықты сот билігі қалыптасқанын атап көрсетіп, Судья әдебінің жаңа кодексі қабылданғаны және Жолдауда Мемлекет басшысының судьялар алдында қойған міндеттері жайлы айтып берді.

Кеңес барысында қатысушыларға «Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең» бейнеролигі көрсетілді.

Жұмыс сапарының барысында Е.Айтжанов сот ғимараттарында азаматтарды қабылдады, онда аудандардың кәсіпкерлері мен тұрғындары барлық сұрақтарына толық жауап алды.

Бөлек тоқталатын сұрақтар бойынша облыстық соттың төрағасы нақты тапсырмалар берді.

Аудандық соттардың ұжымымен жиналыстар өткізілді, жұмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Кездесудің соңында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Айтжанов сот ұжымдарына азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау жолында сәттілік тіледі.

Бұдан әрі облыстық сот төрағасы барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға бару жоспарланған.

 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар