Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары судья лауазымына үміткерлерді іріктеу мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өткен кездесуде судьялар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмысын күшейту және судья лауазымына үміткерлерге қатысты жеке кепiлгерлік институтын нығайту мәселелерін қарады.

Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Қасейінов кездесуді аша отырып, заң үстемдігін тиімді қамтамасыз ету мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарымен судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту көзделгенін атап айтты. Қазіргі күні оларды іріктеу және тағайындау процесі мөлдір және ашық болып келеді. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес өз жұмысында тиімді және сапалы судья корпусын қалыптастыруды көздейді.

Кездесу қатысушылары бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда Кеңес қызметін кеңейту және рөлін күшейту, судья лауазымына үміткерлердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін зерделеу мақсатымен аудандарға көшпелі отырыс өткізу практикасын енгізу ұсынылды. Судья лауазымына үміткерлер туралы БАҚ-та орналастырылған ақпаратта Кеңестің ойынша үміткерлер туралы толық ақпарат болуы тиіс, азаматтар оларға қатысты өз пікірлерін айта алады.

Жеке кепiлгерлік институтын нығайту туралы мәселені қарай келе облыстық соттың судьясы Мұқанов М.Е. қазіргі күні алғашқы рет Қазақстанның сот жүйесінде жеке кепiлгерлік институты енгізілгенін және жұмыс жасайтынын атап айтты. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Жоғарғы Сот және облыстық соттардың судья лауазымдарына үміткерлер жоғары тұрған сот судьяларының ұсыныстарына ие болулары тиіс. Сондай-ақ кепілдік беруші өз әріптестерінің алдында өзі ұсынған тұлғаның заңнама талаптарын сақтауы үшін жауапкершілікке тартылады. Облыстық соттың судьялары Жеке кепiлгерлік институты аймақта белсенді пайдаланылатынын атап айтты.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі