Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жас судьялар үшін семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға облыстық соттың судьялары – Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері және 2 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар судьялар қатысты.

Іс-шараны ашқан облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Бахыт Қасейінов семинарды өткізудің мақсаты жас судьяларға практикалық көмек көрсету, туындаған сұрақтар бойынша ұсынымдар беру, пікір алмасу болып табылатынын атап айтты.

Б.Қасейінов Мемлекет басшысы cудьялардың VII съезі және Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттеріне ерекше назар аударды.

Облыстық соттың судьясы, судья әдебі бойынша комиссияның облыстық филиалының төрағасы Юлия Иванова судья мамандығының адамгершілік бастамасы туралы айтып берді, Қазақстан Республикасы судьяларының жаңа әбеп кодексінің негізгі ережелеріне тоқталып өтті.

Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина және Петропавл қаласы №2 сотының судьясы Ирина Есиркепова «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды қолдану. Халықаралық заңнама нормаларын пайдаланумен сот актілерін құрастыру» тақырыбындағы баяндамаларымен сөз сөйледі.

Семинар барысында Тәлімгерлер кеңесі 2016 жылғы желтоқсанда және 2017 жылғы қаңтарда жаңадан тағайындалған судьялар шығарған сот актілерін рецензиялау бойынша жұмыс қорытындысын жасады.

Сондай-ақ жас судьялардың төрағалық етуімен жүргізілген сот отырыстарының бейне жазбасын қарау болды және процесті жүргізу дұрыстығы талқыланды. Тәжірибелі судьялар процесті жүргізу бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Бұдан басқа жас судьялардың назары судья әдебі нормаларын мүлтіксіз сақтауға және кәсіби дағдыларды тұрақты түрде арттырып отыруға аударылды.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі