Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерімен кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерімен кездесу өткізді.

Іс-шараны ашқан Е.Айтжанов судьяларға қойылатын жоғары талаптар аясында судьяның бос лауазымына кандидаттарды іріктеудің негізгі критерийлері жоғары білім деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттері мен мiнсiз беделі болып табылатынын атап көрсетті. Осыған байланысты кадр мәселесінде Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің ерекше рөлі анықталған.  

Кеңес бос лауазымдарға үміткер судьялар және судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау, азаматар мен қоғамдық бірлестіктерді іріктеу рәсіміне қатысуға тарту мақсатында құрылған. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер міндетті түрде әрбір судья лауазымына кандидаттарды қарастырады.   

Солтүстік Қазақстан облысында Кеңес жергілікті қауымдастықтың беделді өкілдерінен құралған: бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері.     

Кездесу барысында Кеңес мүшелері қазіргі күні қоғамның жаңа судьяларды іріктеуге қатысуы үшін барлық жағдайлар жасалғанын атап көрсетті.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі