Солтүстік Қазақстан облыстық сотында мерзімінен бұрын босатуды және жазаны неғұрлым жеңіл түрге ауыстыруды қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Мерзімінен бұрын босату және  жазаны неғұрлым жеңіл түрге ауыстыруды қолдану практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға судьялар, прокуратура, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, түзеу мекемелерінің өкілдері қатысты.

Іс-шараны облыстық соттың судьясы Болатбек Сақтағанов ашты. Оның айтуынша, сот практикасында жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босату,  жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы заңнаманы қолдану бойынша мәселелер өзекті болып табылады.

«Дөңгелек үстел» аталған санаттар бойынша құқық қолданудың түйткілді мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Облыстық соттың судьясы Рамазан Қасенов мерзімінен бұрын босату туралы қайта келіп түскен өтінішхаттарды қарау практикасы жайлы айтты.

«Жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы материалдарды сотта қарау» және «Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы материалдарды сотта қарау» тақырыбындағы баяндамаларымен Айыртау аудандық сотының судьясы Торқалы Бектұрсынов және Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина сөз сөйледі.

 Мерзімнен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы материалдарды қарау кезінде туындайтын түйткілді мәселелерге Қызылжар аудандық сотының судьясы Дәурен Дүйсенбаев тоқталды.

Облыс прокуратурасы 7-ші басқармасының басшысы Руслан Мәмбетов мерзімнен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы заңнаманың біркелкі қолданылуын қадағалау мәселелері жайлы мәлімдеді.

Семинар қатысушылары баяндамаларды тыңдап болған соң, материалдарды ресімдеу және оларды сотта қарау бойынша түйткілді мәселелер туралы пікір алмасты.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша ұсынымдар жасалды, оған сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті облыстың прокуратура органдарымен бірлесіп жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы сотталғандардың өтінішхат үлгілерін жасауы; түзеу мекемелерінің әкімшіліктері талап қою берешегінің бар болуы/жоқтығы жайлы қаржылық анықтамаларында азаматтық талап қою бойынша өндірілген және төленген сома туралы және процестік шығындардың өндірілген және төленген сомасы туралы мәліметтерді саралауы; соттар сотталғандардың әр түрлі негіздемелер бойынша қайта берілген өтініштері, өтінішхаттарының алты айлық мерзімін сақтамау себептері бойынша негізсіз қайтару фактілерін болдырмаулары, сондай-ақ әрбір сотталғанға жеке тұрғыдан қарауды қатаң қамтамасыз етуі қажет.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі