Солтүстік Қазақстан облыстық сотында банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Бітімгершілік рәсімдері аясында Банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты істерді қарау практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Өзекті мәселелерді талқылауға судьялар, адвокатура, прокуратура органдарының, екінші деңгейлі банктер филиалдарының, Қазақстан халқы ассамблеясының, кәсіпкерлер палатасының, коммуналдық қызмет заңгерлерінің өкілдері қатысты.

Бітімгершілік рәсімдері бойынша үйлестіруші – облыстық соттың судьясы С.Тілегенов кездесуді аша отырып, «дөңгелек үстел» қатысушыларына  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық іс жүргізуде даулардың жеке санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосқандығын қосымша хабарлады. С.Тілегенов қатысушыларға міндетті алдын ала медиация өткізуді көздейтін істер санатын атап өтіп, пилоттық жобаның мақсаты, міндеттері мен принциптері жайлы айтты және медиацияны жүргізу тәртібін түсіндірді.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты істерді қараудың сот практикасын, сондай-ақ талап ету құқығын беру (цессия) мәселелерін талқылады.

Судьялар талап ету құқығын беру және банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде цессия шартын тиісті ресімдеуге назар аудару, негізгі және келесі міндеттемелердің шарттарын, оның ішінде құқық беру, міндеттеме қатысушыларының құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында борышкердің міндеттемелерінің бұзылуына әкеліп соқтырған себептерді, міндеттемелерді бұзу үшін жауапкершілік негіздемесінің болуын немесе болмауын мұқият зерделеу қажеттілігін атап айтты.

Кездесу соңында «дөңгелек үстел» қатысушылары банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты даулар бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібінде бітімгершілік рәсімдерін дамыту жөнінде бірлескен ұсынымдар жасады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі