Солтүстік Қазақстан облыстық соты талап қоюшыға төленген 160 млн. теңгеден астам мемлекеттік баж салығын қайтарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы кепілзат мүлігін өндіріп алу және берешекті өндіріп алу туралы 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Банкінің талап қоюы бойынша істі қарады.

Бұдан бұрын банк пен серіктестіктер арасында несиелік желі ашу туралы келісім жасалған, оның шарты бойынша банк қарыз алушыларға шұғыл, ақылы, қамтамасыз ету және қайтару шартымен берілген қарыз сомасынан жылдық 12,5% өтемақы мөлшерлемесімен 12 ай мерзіміне жалпы сомасы 5 миллиард теңге несие берген.

Алайда жауапкерлер аударылған өтемақы мен қарыз сомасын қайтару бойынша қабылдаған міндеттемелер дұрыс орындалмаған. Осыған байланысты 4 747 211 461,07 теңге көлемінде жалпы берешек жиналған.

Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісім жасау туралы өтінішхатымен жүгінген, оның шарты бойынша қарыз мерзімі 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартылған, қарызды пайдалану үшін өтемақы мөлшерлемесі жылдық 16% көлемінде бекітілген, ал жауапкерлер 156 000 000 теңге көлеміндегі соманы берешекті бөлшектеп төлеу шотына 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін төлеуге міндеттеледі.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бітімгершілік келісімді бекітті, талап қоюшы Банкіне 168 578 173 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Солтүстік Қазақстан облысында бітімгершілік рәсімдері институты сәтті дамып келе  жатқанын атап айту қажет, осылайша ағымдағы жылдың басынан бастап облыстық сот 14 азаматтық істі реттеді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі