Шымкентте «Қоғамды жаңғыр¬тудағы медиацияның рөлі» тақырыбында республикалық диспут-форум өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Диспут-форумды Қазақстан халқы Ассамблеясы және ОҚО әкімдігі ұйымдастырды.

Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Білім және ғылым министрлігінің, «Қоғамдық келісім» РММ-нің, ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің, облыстардағы медиация орталықтарының өкілдері, өңірдегі аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының судьялары қатысты.

Б.Әбдірайым форумды  ашып, қоғамдық сананы жетілдіру тұрғысында медиация институтын одан әрі дамытудың  маңыздылығын атап өтті.

ҚХА төрағасының орынбасары Д.Мыңбай мен облыс әкімі Ж.Түймебаев аталған институтты жетілдіру мүмкіндіктерін осындай кең форматта талқылаудың қажеттілігі туралы айтты.

Сонымен қатар, жиында Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Әбдірайым,  Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Достық Үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков, Бас прокурордың аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова, ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов баяндама жасады. Спикерлер «Медиация туралы» Заңды қолдану бойынша негізгі жетістіктер мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиатордың рөлі туралы айтты.

Форумда баяндама жасаған Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жобасы аясында атқарылған жұмыстардың, сонымен қатар, процестік заңнамаларға енгізілген жаңашылдықтардың нәтижесінде кейбір даулы мәселелердің бітімгершілік жолмен шешімін тауып жатқанын атап өтті. Т.Баратбеков пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында республика соттарына а.ж. бірінші жартысында балалардың мүдделері қозғалатын 2 178 іс пен арыз түсіп, олардың 736-сы бойынша шешім шығарылғанын, 540-ы медиация тәртібімен аяқталғанын, сот медиациясы тәртібімен 356 келісім бекітілгенін, 271 дау міндетті медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.

Еңбек даулары бойынша  (ҚР Еңбек кодексінің 159-бабы 1-бөлігі бойынша) 4 506 іс пен арыз түсіп, олардың 2 025-і бойынша шешім шығарылған, 675-і медиация тәртібімен аяқталған, сот медиациясы тәртібімен 514 келісім бекітілген, 354-і міндетті медиациямен аяқталған.

Мұрагерлік даулар бойынша 3 081 іс пен арыз түсіп, олардың 2 008-і бойынша шешім шығарылған, 109-ы медиация тәртібімен аяқталған, сот медиациясы тәртібімен 78 келісім бекітілген, 34-і міндетті медиациямен аяқталған.

Некені бұзу және мүлікті бөлу туралы 34 458 іс пен арыз түсіп, олардың 21 895-і бойынша шешім шығарылған, 3824-і медиация тәртібімен аяқталған, сот медиациясы тәртібімен 2 584 келісім бекітілген, 1 884-і міндетті медиациямен аяқталған.

Қарыз шарттары бойынша 28 021 іс пен арыз түсіп, олардың 21 143-і бойынша шешім шығарылған, 1856-ы медиация тәртібімен аяқталған, сот медиациясы тәртібімен 1 155 келісім бекітілген, 939-ы міндетті медиациямен аяқталған.

Сақтандыру даулары бойынша 2 214 іс пен арыз түсіп, олардың 1 586-сы бойынша шешім шығарылған, 61-і медиация тәртібімен аяқталған, сот медиациясы тәртібімен 45 келісім бекітілген, 18-і міндетті медиациямен аяқталған.

Соттар татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. А.ж. 8 айында республика соттарында қаралып аяқталған 34 849 қылмыстық істің 7 643-і медиатордың қатысуымен қаралған. Ақталған 555 418 азаматтық істің 18 122-сі медиация тәртібіндегі келісімге байланысты тоқтатылған.

Іс-шараға қатысушылар республикада медиацияны дамыту бойынша өздерінің нақты ұсыныстарын енгізді.

Форум барысында ҚХА-ның Медиация кеңесі мен ОҚО әкімдігінің арасындағы және ҚХА-ның Медиация кеңесі мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасында меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Жұмыс соңында форумға қатысушылар заңнаманы және медиация институтын жетілдіру бойынша ұсынымдарын әзірледі.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі