Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары заңнамалық актілеріндегі өзгерістерді талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотымен «Қазақстан Республикасының  азаматтық, банктік заңнамаларды жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақсарту сұрақтары бойынша заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңды талқылады.

Семинар барысында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Ғ.Комиршинов, қабылданған заңның, азаматтық, процессуалдық және банктік заңнамаларды жетілдіруге  бағытталғандығын атап өтті. Азаматтық кодекстегі енгізілген өзгерістер (жалпы және ерекше бөлігі) күмәнді бұйрық заңдық және мәміленің  жарамсыз деп танылу тұжырымдамасын реттейді, кредиторларлардың құқықтарының көлемін арттырады, мүлікті мәжбүрлеп тіркеу мәселесін шешеді, мұрагердің оның тіркеуден жалтарған жағдайда, мүліктік емес зиянның тұжырымдамасын кеңейтеді.

Азаматтық процестік кодекстегі заңнамалық өзгертулер Жоғарғы Сотпен Бүкіл Әлемдік Банктің халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып әзірленген.

Түзетулерге сәйкес жауапкерге немесе үшінші тұлғаға талап арыздың көшірмесін және оған тіркелген құжаттарды  табыстау немесе жолдау бойынша міндет сотқа жүктеледі, жауапкердің  талап арызға қарсылық білдіруді ұсыну мерзімі, талап арызды алған күннен бастап 10 күнге дейін жұмыс күні белгіленген, алғашқы тыңдау мерзімі сот талқылауына істі дайындау аяқталған күннен бастап, 10 жұмыс күнінен кешіктірілмеуі керек.

Талқылаудың соңында алқа төрағасы заңнаманың  талаптарын қатаң сақтауға және олардың бқзылуына жол бермеуіне баса назар аударды, Оқу Орталығының үйлестірушісіне облыс судьяларына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты жеткізу және оларға семинарлар өткізу туралы нақты тапсырмалар берілді.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі