Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ. Шақпантаев қылмыстық процесті реформалау мәселелері бойынша жиналыс өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое ауданына іс-сапармен барған Қайрат Шақпантаев жиналысқа қатысушыларды құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы реформалаудың негізгі жолдары туралы  ақпараттандырды.

Бұл іс-шараға аудан әкімі, судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, қорғаушылар, сонымен қатар, Глубокое ауданының тұрғындары қатысты.

Кездесуді аша келе, Қ.Шақпантаев қазақстандық сот ісін жүргізу саласы тәуелсіздік жылдарында қылмыстық процестің кеңестік үлгісінен біртіндеп алшақтағанын атап өтті. «Жаңа қылмыстық процестік заңды және Ұлт жоспарын орындау мақсатында көзделген іс-шараларды жүзеге асыра отырып,  азаматтарды қорғауда және қылмыстық процестің жазалаушылық сипатын төмендетуде нақты қадамдар жасалды. Алайда, қылмыстық-процестік заңнаманың реформалануы жалғасуда, себебі бұл бағыттағы жұмыс Елбасының айрықша бақылауында», - деді ол.   Қ.Шақпантаев  құқық қорғау қызметін жетілдіру және  қылмыстық заңнаманы реформалау заңның үстемдік етуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясаттың жаңа кезеңі болып табылатынын атап өтті. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы сотқа дейінгі ісін жүргізудегі тергеу судьялары өкілеттіліктерінің кеңеюіне байланысты жаңалықтармен бөлісті. «Құқық қолданудың қолданыстағы тәжірибесі бізге халықаралық стандарттарды ескере отырып, соттың бақылау институтын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді». Жалпы алғанда, реформа қылмыстық процестегі адам құқығын қорғауды нығайту, тараптардың жарыспалылығын арттыру, сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған. Қылмыстық теріс қылықтар, ауырлығы орташа қылмыстар бойынша бұйрықтық іс жүргізуді енгізу арқылы өндірісті оңтайландыруға қатысты жаңалық маңызды болып табылады», - деп атап өтті Қ.Шақпантаев.

Кездесуден кейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Шақпантаев тұрғындарды қабылдап, өзекті мәселелеріне жауап берді.

Сонымен қатар, Глубокое аудандық соты судьяларының 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы бойынша жиналысына қатысты.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі