Шығыс Қазақстан облыстық сотында жаңадан тағайындалған сот төрағасы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин облыстық соттың  жаңа төрағасы Қайырбеков Нұрлан Мұратұлын салтанатты түрде таныстырды.

Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы соттарының төрағалары мен судьялары, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбек Сақтағанов, облыс прокурорының міндетін атқарушы Құсаин Игембаев, ішкі істер департаментінің басшысы Жанарбек Бақытбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытжан Валениязов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Сергей Потанин, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Талғат Молдажанов, «Шығыс» Ұлттық гвардиясының өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Талапкер Әміриев қатысты.

Жаңа төрағаны таныстыра келе, Анатолий Смолин: «Нұрлан Мұратұлының  сот  жүйесінде бірнеше жылдық еңбек өтілі бар, ол қызметте айрықша еңбекқорлығымен және принциптік көзқарасымен ерекшеленеді. Алдағы уақытта да әділдіктің ақ жолында аянбай еңбек етеді деген сенімдемін», - деді.

Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы осыған дейін Астана қаласы Есіл аудандық соты төрағасының қызметін атқарып,  Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалған Әбдіғалиев Дамир Әбдіғалиұлын да таныстырып  өтті.

Сонымен қатар, Курчатов қалалық сотының төрағасы қызметіне – Эльмира Рауясованың, ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымына – Анна Жұмағұлованың, Семей қалалық сотының судьясы болып – Қалел Қабденұлы Қонқаевтың, Өскемен қаласының №2 сотына судьясы қызметіне – Тельман Әлімхановтың тағайындалғаны айтылды.

Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы 1967 жылы дүниеге келген.

1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1992-1998 жылдары – ШҚО ішкі істер органдарының және салық полициясының қызметкері.

1999-2000 жылдары – ШҚО Ұлан аудандық прокурорының көмекшісі.

2000-2002 жылдары – ШҚО  Глубоковский аудандық сотының және Өскемен қалалық сотының судьясы.

2002-2003 жылдары – ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

2003–2008 жылдары – ШҚО Шемонаиха аудандық сотының төрағасы.

2008-2009 жылдары – ШҚО Өскемен қалалық №2 сотының төрағасы.

2009-2010 жылдары – Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы.

2010-2012 жылдары – Қарағанды облысының кассациялық сот алқасының төрағасы.

2012 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі