Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот актілерін орындауда туындайтын түйткілді мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жұмыс кездесуі шеңберінде талқылауға облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың кеңсе меңгерушілері, «Нұр Отан» партиясының, Мемлекеттік кірістер және Әділет департаменттерінің, прокуратура органдарының, облыс әкімі аппараты мен жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері қатысты.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Елдос Жұмақсанов баяндамасында сот актілерінің орындалуы ең маңызды қадам, өйткені бұл саты соттардың тәуелсіздігін көрсететін белгі  болып табылатындығын атап өтті. Бұған қоса, біздің елімізде соңғы уақытта сот шешімдерінің  және басқа да атқаруға жататын құжаттарды орындау мәселелеріне баса назар аударылуда, әсіресе, орындау өндірісі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылданды, орындау өндірісі органдарының құрылымы мен жүйесі өзгертілді және сот орындаушыларының материалдық-техникалық базасы жақсартылды.

Кездесу барысында сот актілерінің орындалмау себептері, сот актілерін орындау барысында туындайтын мәселелер талқыланды.

Кездесудің соңында сот актілерін орындау, соның ішінде, заңнамалық актілерге және ішкі құжаттарға өзгерістер енгізу, сонымен қатар, «Төрелік», Әділет министрлігінің және жеке сот орындаушылар базаларын жетілдіру бойынша ұсынымдар айтылды.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі