Шығыс Қазақстан облыстық соты мемлекеттік мекеменің маманын пара беруге арандатушылық жасағаны үшін 2 миллион теңгеге айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық соты Қылмыстық кодекстің 28–бабының, 4-бөлігіне, 367–бабының, 1-бөлігіне (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру)  бойынша  Г.Бижановаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта Г.Бижанова «Күршім ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау» ММ-нің бас маманы бола тұра, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы негізінде тұрғын үй алуға несие алу үшін өзінің аудандық комиссияның құрамындағы лауазымды тұлғаларға тұрғын үй алуға арналған несиені жоғары сомада және тез арада алу үшін 100 000 теңге ақшаны аталған лауазымды тұлғаларға пара ретінде беру керектігін айтып, оны көндіргендігі анықталды. Ол заңсыз 100 000 теңге пара алу кезінде ұсталған.

Сот үкімімен Г.Бижанова қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде 2 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі