Семейде сот жұмысберушіден талапкердің пайдасына еңбек ету қабiлетiнен айрылғаны үшін өтемақы өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотына азамат И.-дің ЖШС-тен денсаулығына келтірілген моральдық зиянды және жоғалтқан табысына өтемақы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер И. өзінің талап арызында жауапкерде жиҺаз жинаушы ретінде жұмыс атқарғандығын көрсеткен. Жұмыс барысында өндірістік жарақат алып, соның салдарынан оң жақ қолының екі саусағы кесілген. Бұрын соттың шешімімен жұмыс берушіден еңбек ету қабілетінің төмендеуіне байланысты үш жыл бойы 2014 жылдың аяғына дейін ай сайын 20 мың 208 теңге зиян өтемақысы өндірілген. 2016 жылдың қараша айынан бастап, оған 20 пайыз кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесі мерзімсіз белгіленген.

Семей қалалық соты И-дың талаптарын ішінара қанағаттандырды. Жауапкерден жоғалтқан табыстың есесіне 35 064 теңге және инфляция болжанатын бағамының орташа құнына пропорционалды ай сайын жылдық өсуімен зейнеткерлік жасқа дейін 11 688 теңге өтемақы өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі