Республикадағы судьялар мен сот қызметкерлері Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде қайырымдылық шараларын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балаларды қорғау күні Судьялар одағының Жоғарғы Соттағы филиалы кейбір қамқорлыққа зәру көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға материалдық көмек көрсетті.

Аталған отбасылар осы күні азық-түлік, киім-кешек пен ойыншықтарға ие болды.

 

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев «Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес!» қайырымдылық акциясын жалғастыра отырып, «Қостанай облысының балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінде болып, ондағы тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады.  

Орталықта түрлі деңгейдегі психоневрологиялық ауруларға шалдыққан 4 жастан 18 жасқа дейінгі 107 бала өмір сүруде. Олардың басым бөлігі –  тастанды балалар мен жетімдер.  

Облыстық сот судьялары мен мамандары жинаған қаражатқа сайқымазақтар мен танымал мультфильмдердің кейіпкерлерін сомдаған аниматорлардың қатысуымен көңілді шоу ұйымдастырылды. Балалар билеп, сабын көпіршігі ойнына қатысты. Балалармен бірге олардың тәрбиешілері, дефектологтар мен бала күтушілер де қуанышқа бөленіп, болып жатқан мерекені түсіндірді.   

Он бес жастағы Руслан орталықта 11 жылдан бері тәрбиеленуде. Бала туа бітті сал ауруына ұшыраған, алайда ақыл-есінде кінәрәт жоқ. Талабы зор талантты бала ән салғанды ұнатады, түрлі конкурстарға қатысып келеді. Жуырда арнайы түзету мектебін бітіретін Руслан ең басты арманымен бөлісіп, ата-анасын тапқысы келетінін айтты.

Жеті жастағы Аян – өте сыпайы әрі білімге құштар бала. Пазл, конструктор құрастырғанды, әуен тыңдағанды ұнатады. Аянға анасы, інісі мен қарындасы жиі келіп тұрады.  

Ауыр дертке шалдыққан бес жастағы Мейрам мен Вячеслав орталыққа бір мезгілде келген. Жылдан астам уақыт өтсе де олардың жақындары келмеген. Бастапқыда аяқтарын баса алмаған балалар бүгінде сүйеніп, бірнеше қадам жасай алады. 

Ұйымдастырылған шоудан бөлек, сот қызметкерлері балаларға констуктор, пазл, Шеген тақтайшасы, ермексаз, қарындаш, тоқыма құралдары, шахматы секілді т.б. сыйлықтар табыстады.

 

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінің қарсаңында Ақтөбе облысының судьялары Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Кездесуде тәрбиеленушілер балалар үйіне эскрусия жасап, өздерінің сабақтағы және спорттағы жетістіктерін айтып, тігін шеберханасында күнделікті киімдер, концерттік костюмдер мен тұрмыста қажетті заттарды өз қолдарымен тігетіндерін ерекше мақтанышпен айтып өтті.

Балалар үйі жанынан құрылған ансамбль қатысушылары концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп, жанды дауыста ән шырқап, ұлттық би биледі. 

Кездесу барысында облыстық сот судьясы Нұриля Сатыбалдина ресупблика соттары тарапынан балаларға үлкен қамқорлық көрсетілеп жатқанын атап өтті.   

Судьялар одағы филиалының төрағасы Амангелді Қалмұхамбетов тәрбиеленушілерді мерекелерімен құттықтап, оларға жарқын болашақ тілеп, өздерінің тұрмыста қажетті заттарын алу үшін 400 000 теңгеге сертификат тарту етті.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлыбек Ормаханов тәрбиеленушілерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу туралы дәріс оқыды.

 

Судьялар одағының Қызылорда облыстық филиалы мен Қызылорда облысы соттарының ұжымы отбасылық үлгідегі «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап, Астана қаласында өткізілетін «Экспо-2017» саяхатына барып қайту үшін 50 балаға қаржылай көмек көрсетті.

«Атамекен» балалар ауылында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасы үлгісінде тәрбиеленеді. Барлығы екі қабатты 7 үйден тұратын ауыл мен әкімшілік ғимарат толықтай жиһаз, тұрмыстық техника және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Е.Айтжанов балаларға бақытты балалық шақ, ұмытылмас әсерлер, денсаулық, кемел болашақ тіледі.

Бұдан әрі облыс сот жүйесі қызметкерлері балалары ұйымдастырған  мерекелік концерт өтті. Концерттің ең кішкентай қатысушысы 4 жаста, ал ең үлкені 14 жаста. Жас өнерпаздар би билеп, ән салып, скрипка мен гитарада ойнап, өлең оқып, акробаттық өнерлерін ортаға салды.

Облыс судьялары бірқатар қайрымдылық акцияларын өткізді.

Атап айтқанда, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне барып қайтты. Балалармен тұрақты түрде кездесу судьялар үшін ізгі дәстүрге айналды. Қонақтар балаларға сыйлықтар, тәттілер ұсынды.

Петропавл қалалық сотының ұжымы Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесті. Судьялар балалармен конкурстар өткізіп, оларға сыйлықтар табыстады.

Аққайың аудандық соты № 1 Смирнов орта мектебіне барып, мерекемен құттықтап, көпбалалы отбасыға материалдық көмек көрсетті.

Айыртау аудандық соты да көпбалалы отбасыға көмек көрсетті.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық соты «Радуга» Чистопол балабақшасының аз қамтылған отбасыларының кішкентай тәрбиеленушілерін құттықтады. Сот қызметкерлері балақайларға ойыншықтар мен тәттілер сыйлады.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотының қызметкерлері аудандық кәмелетке толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Сот қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтады, оларға зор денсаулық, оқуларын жақсы оқуды тіледі және сыйлықтар табыс етті.

 

 

Судьялар одағының Павлодар филиалының төрағасы Нұролла Есенжолов «Жақынына көмектес, балаларға қуаныш сыйла!» қайырымдылық акциясы шеңберінде Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан № 2 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты мен Павлодар қаласының «Ана үйі» дағдарыс орталығына барып қайтты.

Судьялар балаларды құттықтап, оларға спорт жабдықтары: доптар, футбол, волейбол, баскетбол, теннис, шахмат ойындары үшін жиынтықтар мен түрлі дамыту үстел ойындарын сыйлады.

Соттың мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен аналар мен олардың 1,5 жасқа дейінгі және 3 жастағы 18 бала пана тапқан Павлодар қаласының «Ана үйі» дағдарыс орталығына барып қайтты.

Сот қызметкерлері балаларға ойыншықтар, киімдер, қызықты музыкалық кітап-ертегілерді сыйға тартты.

 

Маңғыстау облыстық сотының судьялары мен қызметкерлері науқас балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар мен тәттілерді сыйға ұсынды. Аталған іс-шара облыстық барлығы соттарда өз жалғасын тапты.

 

Судьялар одағы Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Ғалия Әлипанқызы және облыстық соттың судьялары Бақытжан Шарнаева мен Людмила Алпысқызы «Үміт» және «Детская деревня» балалар үйіне барды.

Облыстық соттың судьялары бірнеше жыл қатарынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетуде. Олар қайырымдылық көмек көрсетіп, тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешектер мен тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етеді.

Осындай мерекеде қуанышты көңіл-күймен балалар өлеңдерін оқып, өздерінің шығармашылық, спорттық және басқа да өнерлерімен қонақтарды тәнті етті. Балалар үйінің жетекшілері судьяларға ата-анасынсыз қалған жетім-балаларға көмек, қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Кездесудің соңында  судьялар балаларға ұялы телефондар, киімдер мен ақшалай сыйлықтар түрінде бағалы сыйлықтар табыс етті. Балалар шын жүректен судьяларға балалар мерекесін қызықты өткізіп, ерекше әсер алғандары үшін алғыстарын білдірді.

 

 

1 маусым ‒ «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған Шымкент қаласындағы № 4 балалар үйіне барып, ондағы тәрбиеленушілерге спорттық киімдер мен жабдықтарды сыйға тартты.        

Облыс судьялары тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық және жазғы демалысты қызықты өткізуді тіледі. Сонымен қатар, балалар Қазақстанның болашағы екендігі, сондықтан да оларды Отанды сүюге, үлкендерді құрметтеуге және төзімділік секілді құндылықтарға тәрбиелеу қоғамның ортақ міндеті екендігі айтылды.     

Облыс судьяларының №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен осындай кездесулері жақсы дәстүрге айналған. Олар әр мерекеде жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көңіл бөліп, сыйлықтар әкеліп тұрады.                                                                 

Кездесу соңында №4 балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері өздеріне көрсетілген қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.

  

Алматы облыстық сотының судьялары Балаларды қорғау күніне орай, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтады.

Бұл орталықта 3-16 жас аралығында 33 бала бейімдеуден өтіп жатыр. Олардың барлығы күрделі өмірлік жағдайға тап болған балалар. Бірінің ата-анасы қаза болған  болса, ал біреулердің  жақындары жай ғана тастап кеткен. Олардың ішінде өзі үйден кетіп қалған балалар да бар. 

Балаларды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Советхан Сәкенов құттықтады, оларға зор денсаулық тіледі.

Келген қонақтардың құрметіне балалар үйінің тәрбиеленушілері атынан мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балаларға велосипед, кітаптар мен тәттілер тапсырылды.

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Талдықорған қаласындағы  Балалар үйіне барып қайтып, балаларға мерекелік дастархан мен көңілді ойыншықтар сыйлады.

Судьялар одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін әр мереке сайын құттықтап келеді.

Дәстүр бойынша Халықаралық балаларды қорғау күні БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Губашев бастаған БҚО бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері балалар ауылына барып, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады және Судьялар Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалы бөлген қаражатқа алынған сыйлықтарды тарту етті. Сыйлықтар әр баланың қажеттілігі мен қызығушылығын ескере отырып таңдалды.

Балалар оқу жылының әрқайсысы үшін қалай өткені жайында айтып, өздерінің жетістіктері және жазғы демалыстағы жоспарларымен бөлісті.

Судьялар балаларға жазғы демалыстарын қызықты да мәнді өткізуге және салауатты өмір салтын ұстану үшін спортпен шұғылдануға кеңес берді.

 

Қарағанды филиалы Соттар Одағының төрағасы Надежда Кузнецова ата-ананың қамқорынсыз қалған және жетім балаларға арналған үйге барып, тәрбиеленушілерге зор денсаулық, оқуларында жемістерін көруді тілеп, балалар үйінің басшыларына алғысын білдірді.

 

Әскери соттың судьялары мен қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында қайырымдылық шарасын өткізді.

Акция шеңберінде Әскери соттың судьялары мен қызметкерлері аз қамтылған отбасы - алты баланың анасына көмек көрсетті.

Меншігінде баспанасы жоқ, жалғыз басты ана қазіргі уақытта балаларымен бірге материалдық қиын жағдайда елорданың шетінде бөлме жалдап тұрады.

Сот қызметкерлері отбасыны бірінші кезектегі қажетті азық-түлікпен, киім-кешекпен, төсек жабдықтарымен және ойыншықтармен қамтамасыз етті.  

Әскери соттың судьясы Қыдырхан Сихимбаев балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, оқуда жетістік тіледі.

Ол өз сөзінде, осындай акциялар дәстүрге айналғанын және тұрақты түрде судьялар балалар үйі  мен балаларға арналған оңалту орталықтарына барып, әр түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастыратындығын айтып өтті.

Сот әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов әңгімелесу барысында қайырымдылық акциясына жұмсалған қаражаттың бір бөлігі әскери соттарда макулатураны тапсыру нәтижесінде жиналғанын атап өтті.

Қайнар: 
жергілікті соттардың баспасөз қызметтері