Республика соттарында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов қатысушыларға мейірімділік пен бейбітшілік, молшылық пен амандық, денсаулық пен өзара түсініспеншілік тіледі.

Наурыз мейрамын мерекелеудің барлық салттарын көрсету үшін іс-шара байқау түрінде өтті. Облыстың аудандық және қалалық соттары төрт тосыннан шығарылған ауылға бөлінген, олар спорттық жарыстарда, сондай-ақ, дәстүрлер мен салттарды көрсетуде сайысты.

Бірінші дойбы бойынша жарыстарда жеңімпаздар анықталды. Содан соң қол күрестіру мен кір тасы спорты бойынша спортшылар күштері мен ептіліктерін көрсетті. Қатысушылар арқан тарту бойынша жарыста командалық рух пен шыдамдылық танытты. Бұдан әрі дәстүрлер мен салттарды көрсету болды. Командалар ең әдемі киізді үйді құру байқауында, «Үздік ұлттық  костюм» және «Үздік ұлттық әйелдер костюмі» байқауында сайысты.  Үздік ұлттық салт-дәстүр байқауы ерекше қызығушылық тудырды. Осылайша, «Бірлік» ауылы Наурыз мейрамын мерекелеудің дәстүрлері мен салттарын, «Әз-Наурыз» ауылы - «Беташар» салтын, «Бәйтерек» ауылы – «Тұсау кесу» және «Сырға салу» салттарын, «Көктем» ауылы – «Сыңсу» салтын көрсетті.

Соңғы байқау үздік ұлттық үстел байқауы болды. Қазылар алқасына наурыз көже, қоспа, құрт, ас, бауырсақ және тағы басқа тағамдар ұсынылды.

Іс-шараның соңында байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Бұдан басқа Солтүстік Қазақстан облысының соттары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды құттықтады. Сонымен қатар, Соттар әкімшісі өздерінің қамқорлығындағы «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балаларымен кездесті.

Дәл осы күні Петропавл қалалық сотының ұжымы өздерінің қамқорлығындағы «Облыстық жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне барып қайтты. Бұл күн балалар үшін ерекше ұмытылмас болды – ән, би, ойындар, байқаулар, қойылымдар, дастархан бәрі «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналды. Жақсы көңіл-күймен қатар балалар сыйлықтар алды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сот төрағасы Досжан Әміров сот қауымдастығы мен сот жүйесінің мамандарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз – Қазақстанның барлық халықтарының білігінің белгісі. Бірлік пен татулық – біздің республикамыздың Президентінің жүргізіп отырған саясатының басты басымдықтары. Бұл Қазақстанның дамуының және әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуінің негізі. Сіздерге және жақындарыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілеймін», - деді ол.

Осынау Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесінде қонақтарға арналған қазақтың ұлттық тағамдарына толы кең дастарған жайылып, мерекелік жиын  облыстық соттың ұжымымен ұйымдастырылған салтанатты концерттік бағдарламаға ұласты. 

Ұжымдағы ақпараттық қамтамасыз ету, талдау және жоспарлау бөлімдерінің, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінің мамандары ұлттық нақыштағы мың бұралған билер мен әндерді, қазақтың күйлерін орындап, өз өнерлерімен тәнті етті.

 

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов судьялар ұжымы мен Соттар әкімшісінің қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтап, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің көріністеріне қатысты.

Наурыз мейрамын тойлау бағдарламасында Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу мен сақтау бойынша байқау өткізілді. Атап айтқанда, қатысушылар ең үздік ұлттық киім, ең үздік ұлттық тағам, ең үздік ұлттық ән мен би байқаулары бойынша сынға түсті.

Қазақтың «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілді. Тұсау кесу кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өмірді тануы, өзі жасаған тіршілігін білдіреді.

Мейрамның құрметті қонақтары – сот жүйесінің ардагерлері, Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген байқауларға қатысқан мамандардың қабілеттері мен өнерлерін жоғары бағалады.

 

Батыс Қазақстан облыстық сот төрағасы Бек Әметов мерекемен құттықтап, қатысуларға: «Наурыз мерекесі баршаңызға жақсылық, отбастарыңызға амандық, құт – береке әкелсін» - деді.

«Жаңарудың, ынтымақтастық пен бірліктің мерекесі көпэтносты және көпконфессиялы қазақстандықтар үшін ерекше. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде, деп жалғады мұнан кейін сөз алған Қазақстан Республикасы Судьялар одағы облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, облыстық сот суддьясы Н.Ділдәбеков: «Ұлттық құндылықтарымыз бағаланып, егемендігіміздің еңсесін көтерген, халықтың тұтастығы мен достығына ұйытқы болған ұлық мереке – Наурыз мейрамы құтты болсын!».

Мерекелік іс-шаралар сот қызметкерлерінің концертімен қорытындыланды.

 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасның төрағасы Ержан Қарабаев мереке шараны ашып, сот жүйесі қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Наурыз мейрамы ежелден табиғаттың жаңару, жаңғыру символы болып табылатындығын атап өтті.

«Ұлыстың ұлы күні баршамыз үшiн жақсы бастамалардың, жарқын ойлардың, игi iстердiң күнi болсын», - деді Е.Қарабаев.

Салтанатты жиын барысында аталған тақырыпта баяндамалар оқылып, тілектер айтылды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі